Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
11 °C
2018 ж. қыркүйектiң 22
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс өткізеді

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)29-78-19, факс 8(716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru.) барлық мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң әкiмнiң кеңесшiсi, «Е-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 102 436 теңгеден 138 248 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Қала әкiмiнiң бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрi — БАҚ) байланысын қамтамасыз ету, жергiлiктi атқарушы органдарының БАҚ-мен жұмысын үйлестiру, қала әкiмiнiң және қала әкiмi аппаратының қызметiн жедел, объективтi және толық жарыққа шығаруды ұйымдастыру, қала әкiмiнiң тезистерiн, баяндамаларын және баяндайтын материалдарын дайындау, мерекелер, мейрамдар, мерейтойлар және басқа оқиғаларға құттықтау сөздерiн дайындау, көкшетау қаласы әкiмi сайтының ақпараттық жұмысын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi, бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қамсыздандыру немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау органдардың кiшi басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттiк органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екi жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

2. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi» ММ қаржы-экономикалық секторының бас маманы, E-R-4 санаты, . 1 бiрлiк,

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Аппарат үшiн бюджеттiк өтiнiмдi құрастыру; бастапқы есепшiлiк құжаттармен жұмыс; бекiтiлген уақытында бухгалтерлiк есеп берудi дайындау және ұсыну; банктiк құжаттарын дайындау және ресiмдеу; басқару аппаратының келешектi және ағымдағы жоспарларын құрастыру; материалдық жауапкершiлiк; үлестердiң және басқа материалдық құндылықтарды олардың сақтау және пайдалану жерлерiнде бақылауды жүзеге асыру; есеп беру саясаты жөнiнде құжаттардың сақталуы, машиналық өңдеу және есептеу бағдарламалары жөнiндегi құжаттарды сақтау; нормативтiк-құқықтық актiлерiмен бекiтiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру; бөлiмде еңбектi қорғау ережелерiн және нормаларын, сонымен қатар өртке қарсы қауiпсiздiгiн және iшкi тәртiптi сақтау; мекеменiң қызметiне байланысты тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi экономика және бизнес саласында, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.7

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар: 1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш; 2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 07.10.2016
Қаралым саны: 285
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика