Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 374.2
EUR | KZT 420.34
RUB | KZT 5.52
Көкшетау қ.
-6 °C
2018 ж. қарашаның 14
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс өткізеді

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8 (716-2)29-78-19, факс 8 (716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru.) барлық мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары, E-1 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 150 740 теңгеден 203 207 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Экономикалық жоспарларды қамтамасыз ету, қаржылық және салық жүйелерiн дамыту, әлеуметтiк-экономикалық ахуалды болжау және талдау, мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау, мемлекеттiк мүлiктi және коммуналдық меншiктi басқару, халыққа, кәсiпкерлiкке және өнеркәсiпке мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын арттыру, ауыл шаруашылық, ветеринария, туризм жұмысын реттеу мәселелерiне жетекшiлiк етедi. Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының 2015 жылға дейiнгi стратегиясын, «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасын, қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуының ортамерзiмдiк жоспарын, Қазақстан Республикасының үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын, Қазақстан Республикасының сауданы дамыту жөнiндегi бағдарламасын, «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасын, «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын, стратегиялық жоспарларының жүзеге асуын қамтамасыз етедi. Төлем және қаржылық тәртiпке баға мен тарифтердi талдауды және бағалауды өткiзедi, бюджеттiк бағдарламалар мен ақшалы қаражаттың игерiлу динамикасын қамтамасыз етедi және осы мәселелер жөнiнде қала әкiмiне ұсыныстар енгiзедi. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк қызметтi көрсететiн атқарушы органдар, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң статистикалық мәлiметтерiн жинақтауға және бақылау сапасына талдау жүргiзедi. Облыстық және қалалық экономикалық, қаржылық ұйымдармен және мекемелермен, инспекция және бақылау органдарымен өзара әрекеттесудi жүзеге асырады.

Келесi мемлекеттiк мекемелердiң жұмыстарына жетекшiлiк етедi: «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi», «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi», «Көкшетау қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi», «Көкшетау қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлiмi», «Станционный поселкесi әкiмiнiң аппараты», «Красный Яр селолық округi әкiмiнiң аппараты». Қаланың мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру, жою, тiркеу және қайта тiркеу, қаланың коммуналдық меншiгiнде тұратын мүлiктi тиiмдi пайдалану жөнiнде қала әкiмiне ұсыныс енгiзедi. Бюджеттiк комиссияны, сонымен бiрге өз құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi жұмыс топтары мен комиссияларды басқарады. Өзi басшылық ететiн мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын және басшыларын тағайындау және лауазымнан босату жөнiнде қала әкiмiне ұсыныс енгiзедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi, әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық ғылымдары саласында

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi офицерлiк құрамынан төмен емес лауазымдарда екi жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орынынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

2. «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» ММ басшысының орынбасары, E-R-2 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 127 421 теңгеден 173 919 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бөлiм қызметiнiң құқық мәселесiн қарастыруда сотта белгiленген тәртiпте бөлiмнiң мүддесiн ұсыну. Бөлiмнiң жобаларын, бұйрықтарын, комиссия шешiмдерiн құрастыруда заңдылықты сақтау бақылауын жүзеге асыру. Нормативтiк актiлер және шарттарды әзiрлеуде, коммуналдық меншiктiң реттеу мәселелерi, бюджеттiң орындалуы, шаруашылық қатынаста қатысу. Мемлекеттiк мекемелермен мiндеттемелердi уақытында орындау жөнiнде шешiм қабылдау және ұсыныстар дайындау. Орындауды ұйымдастыру және бақылау:

а) жекешелендiру және коммуналдық меншiктiк мәселелерi жөнiндегi жұмыс жинағы;

б) жергiлiктi бюджеттi орындау.

Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындармен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу мониторингiсi жөнiнде жұмыстарды ұйымдастыру. Қаланың коммуналдық меншiгiн тиiмдi пайдалану, есебi және басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Коммуналдық меншiк сұрақтары бойынша заң күшiндегi және заң шығарушы актiлердi сақтауға бақылауды жүзеге асыру.

Бөлiм басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi, экономика және бизнес немесе құқық ғылымдары саласында

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi құқық қорғау органдардың кiшi басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттiк органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекетiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар: 1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш; 2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 16.09.2016
Қаралым саны: 345
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?