Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 345.55
EUR | KZT 401.01
RUB | KZT 5.45
Көкшетау қ.
20 °C
2018 ж. шiлденiң 20
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс өткізеді

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс өткізеді

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі 141, кабинет 409, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2)29-78-19, факс 8(716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru.) Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» ММ ұйымдастыру-құқық секторының бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бірлік,.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларымен мердігерлік ұйымдарымен келісім шарттарды дайындау мен реімдеу; Мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін құжаттама дайындау (конкурстық құжаттама) және мемлекеттік сатып алуға (конкурстарға) қатысу; Мемлекеттік мекеменің мүдделерін барлық процесстер мен дауларда ұсыну; заңды кеңес; құжаттамамен қамтамасыз ету жұмыстарын орындау, құжаттарды келісу мен бекітудің сапасын және дайындау дұрыстығын бақылау; Іс қағаздарын жүргізудің сұрақтары; кадрлық жұмыс; құжаттарды орындау, қабылдау, тіркеу, есеп жүргізуін бақылау, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету және сақтауды бақылау; Нормативтік-құқықтық актілерімен бекітліген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; бөлімде еңбекті қорғау ережелерін және нормаларын, сонымен қатар өртке қарсы қауіпсіздігін және ішкі тәртіпті сақтау; Бөлімнің қызметіне байланысты тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары білімі құқық саласында.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

2. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» ММ ұйымдастыру-құқық секторының бас маманы, E-R-4 санаты, . 1 бірлік,

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бас мердігерлік ұйымдармен нысандардың жобалауы, құрылысы мен реконструкциясы сұрақтары жөнінде жұмыс жасау; ЖСҚ және техникалық шарттармен қамтамасыз ету; құрылысқа арналған жер телімдерін рәсімдеу; инветициялық жобаларды қостау мен жобалау үшін рқұқсат қағаздарын дайындау. ЖСҚ әзірлеу сұрақтары жөнінде ақпаратты дайындау және мониторниг жүргізу; Мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін құжаттама дайындау (конкурстық құжаттама) және мемлекеттік сатып алуға (конкурстарға) қатысу; инвестициялық жобалардың мониторингі, есептерді, калькуляцияларды құрастыру; нормативтік-құқықтық актілерімен бекітліген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; бөлімде еңбекті қорғау ережелерін және нормаларын, сонымен қатар өртке қарсы қауіпсіздігін және ішкі тәртіпті сақтау; мекеменің қызметіне байланысты тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары білімі құқық немесе техникалық ғылымдар және технология саласында.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) «"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ««Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес.нысаны бойынша өтініш,

2) тиісті персоналды басқару қызметімен куәландырылған қызметтік тізім..

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкімінің және уәкілетті органның сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 05.04.2016
Қаралым саны: 374
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика