Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 366.43
EUR | KZT 420.11
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-2 °C
2018 ж. қазанның 22
Барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс өткізеді

Барлық мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға iшкi конкурс өткiзедi

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2) 29-78-19, факс 8(716-2) 29-78-66, электрондық мекен-жайы: : mustafina_akimat@mail.ru.) барлық мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылыс секторының менгерушiсi, «Е-R-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 96607 теңгеден 129919 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Секторды басқару; нысандардың құрылысын және реконструкциясын жүргiзудi үйымдастыру; күрделi құрылыстың ағымдағы және келешектi жоспарлары мен оларды жүзеге асыру шаралары, оларды орындау жөнiндегi есептi нормаларға және ережелерге сәйкес құрастыру; бас мердiгерлiк ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету; нысандар құрылысына арналған жобалық-сметалық құжатаманы тексеру, құнын есептеу; тапсырыс берушiмен төленген құрылыс-жинақтау жұмыстарын есептеу; нысандар құрылысы және реконструкциялау мониторингiн жүргiзу; құрылыс нысандарыжөнiндегi есептiлiктi құрастыру; құжаттаманы дайындау мен мемлекеттiк сатып алуды өткiзуге қатысу; құжаттаманы дайындау және мемлекеттiк қабылдаужәне жұмыс комиссияларын өткiзуде қатысу; жұмыс бағдарламаларын әзiрлеу; нысандардың құрылысын өткiзу үшiн рұқсат берудi ресiмдеу; қала құрылысы саласындағы сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау органымен өзара әрекет ету; құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға енгiзудi ұйымдастыру; мердiгерлiк ұйымдарының жұмысына мониторинг жүргiзу; тапсырысты атқарушыларға дейiн жеткiзу; мемлекеттiк және жұмыс комиссияларына қатысу; жобалардың мемлекеттiк сараптамасымен өзара әрекеттесу; нормативтiк-құқықтық актiлерiмен бекiтiлiген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру; секторда еңбектi қорғау ережелерi мен нормаларын, сонымен қатар өртке қарсы қауiпсiздiгiн және iштей тәртiбiн сақтау; мекеменiң қызметiне байланысты тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi, техникалық ғылымдар және технология немесе экономика және бизнес саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

2) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар: 1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш; 2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 5 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 5 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 01.04.2016
Қаралым саны: 567
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус