Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 374.2
EUR | KZT 420.34
RUB | KZT 5.52
Көкшетау қ.
-10 °C
2018 ж. қарашаның 14
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 307, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)29-78-19, факс 8(716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы: akimat_kadry409@mail.ru) Көкшетау қаласының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары, E-1 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 165856 теңгеден 223477 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Тұрғын үй-коммуналдық саласы, сәулет, құрылыс және қала құрылысы, жер қатынастары, көлiктiк және инженерлiк инфроқұрылымның дамуы, сумен қамтамасыз ету, тiршiлiктi қамтамасыз ету кәсiпорындарының жұмысын ұйымдастыру, энергетика және коммуналдық қызмет көрсету, тарифтiк саясат, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, қаланы абаттандыру және санитарлық тазалық, халыққа қызмет көрсетудiң сапасын жетiлдiру және ұсыну мәселелерiне жетекшiлiк етедi. Көкшетау қаласының аумағын дамыту бағдарламасын iске асыруды, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi. Көкшетау қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi нысандарын шұғыл басқаруды, өзiнiң саласындағы ағымдық стратегиялық мақсаттарды әзiрлейдi және жүзеге асырады. Мемлекеттiк мекемелердiң жұмыстарын үйлестiредi: «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi», «Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi», «Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi», «Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлiмi», «Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмi», «Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi». Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы «Көкшетау Жылу», «Көкшетау Су Арнасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарының тиiмдi қызметiн мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Кәсiпорындарда және өндiрiстiк және әлеуметтiк-мәдени бағыттағы объектiлерде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда салдарын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын. Жолдарды қалпына келтiруге және жөндеуге мониторинг өткiзедi, жолаушылар тасымалдауының үзiлiссiз қозғалысын ұйымдастырады. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң талдауын жүргiзу, олардың сапасын бақылау. Жетекшiлiк ететiн мемлекеттiк органдарда бюджет қаражатын уақытылы дамытуды бақылау. Өз құзыретi шегiнде қадағаланатын мәселелер бойынша нормативтiк-құқықтық актiлерге өзгерiстер мен ұсыныстарды енгiзу. Тұрғын үй қорын, инженерлiк коммуникацияларды, күтiп ұстау, пайдалану, халықты сумен, жылумен және электр энергиямен жабдықтау.Өз құзыретiне кiретiн мәселелерi жөнiндегi комиссиялар мен жұмыс топтарына басшылық етедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық немесе өнер (сәулет) немесе әлеуметтiк ғылым, экономика және бизнес (экономика немесе қаржы немесе мемлекеттiк және жергiлiктi басқару) немесе техникалық ғылым мен технологиялар (көлiк, көлiктiк техника және технология немесе жылу энергетикасы немесе радиотехника, электроника және тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау немесе құрылыс) немесе қызметтер (тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану немесе жер пайдалану немесе кадастр) немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық деңгейдегi лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегi басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесi болған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда бiр жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу үшiн әңгiмелесу өткiзудiң басталуына дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) өтiнiш бiлдiру қажет.

Қағидаларының 54 — тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тiзiмiнен бiр эссенi жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш.

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық үкiмет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электрондық үкiмет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуға қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi____________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:

______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ____________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны

________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
___________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланың шыққан күні: 30.10.2018
Қаралым саны: 70
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?