Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 374.2
EUR | KZT 420.34
RUB | KZT 5.52
Көкшетау қ.
-10 °C
2018 ж. қарашаның 14
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)29-78-19, факс 8(716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы: akimat_kadry409@mail.ru) барлық мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ әлеуметтiк көмек секторының меңгерушiсi, E-R-3 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 96607 теңгеден 129 919 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Сектор жұмысын ұйымдастыру және талдау; 18 жасқа дейiн берiлетiн балалар жәрдемақысын, үйiнде тәрбиеленiп, оқытылатын мүгедек балаларға материалдық АӘК, заңнамалық базамен тағайындау және төлеу жұмысын қамтамасыз ету; 18 жасқа дейiн берiлетiн балалар жәрдемақысын, АӘК дұрыс тағайындалғандығын тексеру, тағайындалған жәрдемақыларды алушылардың шоттарына жiберу, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «18 жасқа дейiн балалары бар отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Заңдарын орындау мақсатында қажеттi анықтамалар мен мағлұматтарды ұсынатын ұйымдармен және учаскелiк комиссия төрағаларымен жұмыс жасау. АӘК, 18 жасқа дейiн берiлетiн балалар жәрдемақысы тағайындау жөнiндегi учаскелiк комиссия мүшелерi мен бөлiм мамандарының кәсiптiк оқытылуын ұйымдастыру. АӘК, 18 жасқа дейiн берiлетiн балалар жәрдемақысын тағайындау жөнiнде кеңес беру, азаматтардың хаттарымен шағымдарымен жұмыс iстеу. Жұмыспен қамту секторының көмегiмен жәрдемақы тағайындауға өтiнiш берушiлер арасынан еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтудың белсендi нысандарына тарту арқылы алушылар санын қысқарту жөнiнде жұмыстар жүргiзу. «Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету. Жәрдемақылар тағайындау және өтiнiштердi есепке алуға арналған ақпараттық жүйелермен жұмыс жасау. Халық арасында заңнамаларға енгiзiлген өзгертулер жөнiнде түсiндiру жұмыстарын жүргiзу. Қажетiне қарай ақпараттарды, есептердi, мағлұматтарды даярлау, жәрдемақы алуға үмiткер отбасыларға бақылау тексерiстерiн жүргiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе қызмет немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамысыздандыру немесе техникалық ғылымдар және технология немесе ауыл шаруашылық ғылымдары немесе ветеринария немесе әскери iс пен қауiпсiздiк саласында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу үшiн әңгiмелесу өткiзудiң басталуына дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) өтiнiш бiлдiру қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш.

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық үкiмет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электрондық үкiмет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуға қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
«Көкшетау қаласы
әкiмiнiң аппараты» ММ
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi____________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

____________________________________________________________________________бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2017
Қаралым саны: 231
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?