Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
9 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

- 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап «Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының» (бұдан әрi — Қағидалар) жеңiлдiтiлген нұсқасын реттейтiн ҚР Дiн iстерi дәне азаматтық қоғам министрiнiң 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығы күшiне ендi.

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы жұмысын бастады (infonpo.kz);

- ҮЕҰ infonpo.kz арқылы өз қызметi туралы мәлiметтердi ҮЕҰ дерекқорына бере алады;

- ҮЕҰ мәлiметтер базасына мәлiметтердi электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегiмен infonpo.kz веб-порталы арқылы электронды түрде беруге болады;

- ҮЕҰ дерекқорына мәлiметтер пошта немесе қолма-қол қағаз және электронды түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) 010000, Астана қ., Есiл ауданы, Мәңгiлiк ел даңғылы, 8, 15-кiреберiс, Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Азаматтық қоғам iстерi комитетi мекен-жайына берiлуi мүмкiн;

- үкiметтiк емес ұйымдарды 2018 ж. 31 наурызға дейiн ҮЕҰ дерекқорына 2017 жылғы қызметi туралы мәлiметтердi infonpo.kz ақпараттық ресурсы арқылы тапсыруға шақырамыз;

- ҚР Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекiтiлген және 2018 жылғы 1 қаңтарда күшiне енген Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына тiркелу мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында әлеуметтiк бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтiк жобаларды, мемлекеттiк гранттарды iске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшiн мiндеттi шарт болып табылады.

- 2014 жылғы 5 шiлдедегi «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 489-1-бабына сәйкес:

1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (оқшауланған бөлiмшелерiнiң) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы, оның iшiнде өзiнiң құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкiнiң құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәлiметтердi ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсынуы — ескерту жасауға алып келедi.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), — жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не үш ай мерзiмге қызметiн тоқтата тұруға алып келедi.

Мақаланың шыққан күні: 02.03.2018
Қаралым саны: 790
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика