Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 361.15
EUR | KZT 414.71
RUB | KZT 5.53
Көкшетау қ.
-0 °C
2018 ж. қазанның 24
ӘРБІР АДАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

2018 жылдың 11 қазанында Көкшетау қаласының әкiмдiгiнде ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектi Жолдауы талқыланды. Сонымен қатар актив жиналысында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен өмiр сүру сапасын арттыру» Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрлендi.

Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Әмiренова өз сөзiнде Президенттiң Қазақстан халқына жаңа Жолдауы халық пен елдiң ең өзектi мәселелерiне бағытталғандығын ерекше атап өттi.

–Жолдауда азаматтарды толғандыратын барлық өзектi мәселелер көрiнiс тапқан. Отбасы мен жастар, тұрғын үй мен жалақы, жергiлiктi жолдар мен ТКШ, ауыл шаруашылығы мен шағын бизнес, әлеуметтiк саланы дамыту және құқық қорғау жүйесiн жаңғырту мәселелерi және т.б. Бүгiнгi күнi осының барлығы әрбiр адам үшiн маңызды,  — дедi А.Әмiренова.

Ел Президентiнiң кезектi Жолдауындағы негiзгi ережелер, бiлiм мен ғылымның ерекшелiгi жөнiнде Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Е.Исiмбаев сөйледi. «Елбасы 5 жыл iшiнде бiлiм, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты iшкi жалпы өнiмнiң 10 пайызына дейiн жеткiзу қажет деген тапсырма бердi. Бiлiм беру iсiнде 4 К моделiне: креативтiлiктi, сыни ойлауды, коммуникативтiлiктi дамытуға және командада жұмыс iстей бiлуге басты назар аударылуда. Осы бағытта жұмыс жасап, бiлiм беру iсiндегi 4 К моделiн дамытып, тәжiрибеде iске асыруды қолға аламыз», Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

Отырысқа қатысушылар Президенттiң Жолдауы басқа құжаттармен келiсiлiп, бiр тiзбектiң буыны болып табылатынын атап өттi. Жолдауды зерделеу әрбiр қазақстандықты ойлауға және өзi үшiн қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Отырыс соңында Елбасы Жолдауында айтылған мiндеттер бойынша бiршама тапсырмалар берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 11.10.2018
Қаралым саны: 84
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус