Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 340.27
EUR | KZT 396.31
RUB | KZT 5.39
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. маусымның 25
Іс қарқыны бәсеңдемесін

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкiмдiктiң кезектi аппарат мәжiлiсiнде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң жетекшiсi Қали Ахметовтың, Өрт сөндiру және апаттан құтқару қызметiнiң жетекшiсi Әсет Жақсылықовтың 2017 жылы атқарылған жұмыстар, 2018 жылға жоспарлары жөнiндегi есептерi тыңдалды.

Бөлiм басшысы Қ.Ахметов өз саласы бойынша атқарылған iстер бойынша дерек-дәйектердi алға тартты. Шындығында бұл бөлiмге жүктелген шаруа жетерлiк. Жұмыс толассыз жүрiп жатады. Әлеуметтiк қолдауға зәру отбасылар үнемi назарда. Атқарылған жоспарлы жұмыстар арқасында күнкөрiсi төмен жандар саны 25 пайызға төмендеген. Олар әртүрлi категорияларға топтастырылып, заң талаптарына сәйкес көмекке ие болуда. Оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi жандар, мүгедектер, тосын оқиғаларға ұшырап, зардап шеккендер бар. 343 адамға мемлекеттен 10,9 млн. теңгелiк арнайы әлеуметтiк көмек төленген. Негiзiнен көмек алғандар 18 жасқа дейiнгi балалар мен оларды тәрбиелеп отырған аналар. 96 баланы үйден оқытуға 4 миллион теңге қарастырылған. 719 отбасына (1038 адам) 15,4 млн. теңге тұрмыстық көмек тағайындалған. Iстелген ұлан-ғайыр жұмыстар осылайша жалғаса бередi.

Төтенше жағдайлар мекемесiнiң басшысы Әсет Жақсыбеков өткен жылы Көкшетау қаласында 145 көлденең оқиғаның тiркелгенiн айтты. Оның бiрi табиғат құбылысы салдары. 12 ай iшiнде 141 өрт болған. Одан келген шығын 2 млн. 900 мың теңге. 9 адам өмiрден өтiп, 7 адам жарақаттанған. Өрт негiзiнен от жағатын жеке үйлерден шығуда, 16-сы сауда нүктелерiнде. 22 автомобиль өртi тiркелген. 2 орман өртi болған.

Қала әкiмi Ермек Маржықпаев баяндамашыларға сұрақ қойып, бiрқатар мәселелердi анықтап, нақты тапсырмалар бердi.

Қалалық әкiмшiлiктiң аппарат басшысы Ермек Тұшанов қабылданған қаулылардың орындалу барысы жөнiнде хабарлама жасады.

Жиын соңында қала басшысы алдағы мерекелердi лайықты өткiзу жөнiнде барлық бөлiмдерге мiндеттер жүктедi. «Қай салада болмасын iс қарқыны бәсеңдемесiн» деп түйдi ойын Ермек Маржықпаев.

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 02.03.2018
Қаралым саны: 710
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика