Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Степногорск қаласында алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды

Бүгiн Степногорск қаласының Ақсу елдi-мекенiнде Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың қатысуымен "Елдi жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпiнi" жалпыұлттық телекөпiрi барысында "Қазақалтын Technology" ЖШС алтын өңдеу фабрикасы iске қосылды.

Бұл ТМД елдерi арасында алғашқы болып iске қосылған құрамында бағалы металдары бар, техногендiк минералды түзiлiстердi өңдеу кәсiпорыны.

Жобаны iске асыру арқылы жылына 7 млн тонна өнiм өңдеуге қол жеткiзедi. Бастапқы кезеңде мұнда " Доре қорытпасымен" жылына 4 тонна алтын және 2 тонна күмiс өндiрiлетiн болады.

"Қазақалтын" ТКК" АҚ құрамында алтын бар кендi байыту саласында жұмыс iстеп келе жатқан  — елiмiздегi байырғы кәсiпорындардың бiрi.

Жыл аяғына дейiн концерн осындай екi фабриканы Жолымбет пен Бестөбе ауылдарында iске қосады. Өндiрiс орындары пайдалануға берiлгеннен кейiн 700 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Ақмола облысының индустрияландыру картасына құны 782,5 млрд теңге болатын барлығы 90 жоба енгiзiлген. Олардың iске қосылуы 12,3 мың тұрақты жұмыс орнын ашады.

2017 жылдың 1-желтоқсанына дейiн аймақта құны 223,6 млрд. теңге болатын 76 жоба пайдалануға берiлiп, 7,7 мың жұмыс орны ашылды.

Мақаланың шыққан күні: 06.12.2017
Қаралым саны: 505
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро