Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысында жаңа жыл қарсаңында екі бірдей туристік демалыс нысаны ашылды

2017 жылдың 25 желтоқсанында Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен Ақкөл ауданындағы Красный горняк елдi мекенiнде «Family Garden». отбасылық демалыс орталығының ашылу салтанаты өттi. Жаңа нысанның инфрақұрылымы жоғары деңгейде жасалған. Мұнда қонақ үймен қатар, екi vip-коттедж бар, орталықта балалар ойын алаңы, моншасы, футбол, волейбол алаңдары қарастырылған.

«Жаңа туристiк орталық отбасымен келiп дем алуға арналған, мұнда келушiлерге барлық жағдай жасалған, нысан жыл бойы жұмыс iстейдi, мәселен жаз мезгiлiнде бiз мұнда түрлi фестивальдар ұйымдастыруды көздеп отырмыз, оған орталықтың мүмкiндiгi толық жетедi»,- дедi Family Garden компаниясының өкiлi.

Облыс әкiмi орталықтың жұмысына жоғары бағасын берiп, аудан әкiмiне жол бойындағы инфрақұрылымды одан әрi дамытуды жүктедi. Осы күнi Мәлiк Мырзалин Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы қонақ-үй-мейрамхана кешенiн көрдi. Жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы, алдағы туристiк мауысым алдында жол бойындағы қызмет көрсету сапасына ерекше көңiл бөлiнiп отырғанын айтты. Бүгiнгi күнi жол торабы бойында жаңа санитарлық бөлмелер салынып жатыр, бұл жұмыстың басы ғана, әлi де бұл мақсатта жұмыс iстеймiз. Алдағы туристiк мауысымға сапалы әзiрлену керек дедi.

Мақаланың шыққан күні: 25.12.2017
Қаралым саны: 918
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро