Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 360.87
EUR | KZT 410.27
RUB | KZT 5.4
Көкшетау қ.
15 °C
2018 ж. тамыздың 17
Майдан әндері шырқалды

Мереке қарсаңында қалалық ақпараттық кiтапханалар жүйесi №12 және №8 маршруттағы автобус-тарда арнайы акция ұйымдастырды. Осы екi қоғамдық көлiк арнайы безендiрiлiп, «Жеңiс автобусы» деген айдар тағылды. Жүргiзушi, кондуктор, кiтапхана қызметкерлерi әскери киiм киiп, қолында гармоны бар музыкантты алып, жолаушылармен бiрге майдан әндерiн шырқады. Автобусқа мiнген қала тұрғындарына Ұлы Отан соғысына қатысты сауалдар қойылып, жауап бергендерге сыйлықтар үлестiрiлдi. Майдан даласында жауынгерлердi жiгерлендiрген «Катюша», «В землянке», «День Победы» сияқты бәрiне таныс әндер орындалды. Акция «Сейнұр» және «Көкшетау автобус паркi» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiнiң көмегiмен жүргiзiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 14.05.2018
Қаралым саны: 89
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика