Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Көкшетау қаласында «Жеңістің рухы – мәңгілік» Жеңіс автобусы жүріп өтті

Көкшетау қаласы Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң Қалалық ақпараттық-кiтапхана жүйесi 6 мамыр күнi «Жолаушылар тасымалы Ассоциациясы» бас директоры Р.С.Калишевтiң, «Бастау», «Тұлпар» ЖШС директоры Қ.Н. Құсайыновтың қолдауымен Жеңiс күнiне орай мерекелiк безендiрiлген №2, №17 маршруттарындағы автобустарда жыл сайынғы «Жеңiстiң рухы -мәңгiлiк» Жеңiс автобусы акциясын өткiздi. Акция қала тұрғындарын келе жатқан Жеңiс күнiмен құттықтап, жеңiс үшiн аянбай ерлiк көрсеткен соғыс ардагерлерiн еске алу, құрметтеу мақсатында өткiзiлдi. Соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, жолаушылар жол бойы кiтапханашылар дайындаған ақпараттық-музыкалық бағдарламаны тыңдады. Жолаушылар акция барысында жауынгерлердi жеңiске жетуге қанаттандырған «Ақ көгершiн», «Катюша», «Огонек», «В землянке», «День Победы», «Эх, дороги», «Смуглянка», «Синий платочек» әндерiн тындады.

Акцияда соғыс жылдарының әндерi жаңа леппен, жаңа ырғақпен шырқалып, қала тұрғындары мерекелiк көңiл күйге бөлендi.

 

Мақаланың шыққан күні: 06.05.2019
Қаралым саны: 125

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?