Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысында Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды

Ақмола облысының Степногор қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевқа еңселi ескерткiш орнатылды.

Оның ашылу салтанатына елiмiздiң танымал тұлғалары, геологтар мен ғалымның ұрпақтары қатысты. Қаныш Имантайұлының жас шағы бейнеленген қола мүсiннiң биiктiгi, тұғырымен қосқанда, 8 метрдей.

Туындының авторы — Қазақстан суретшiлер одағының мүшесi, мүсiншi Азат Баярлин. Айта кетейiк, ғұлама ғалымға елiмiздiң бiрқатар қаласында және Ресейдiң Томбы қаласында да ескерткiш қойылған.

Әлима Жармағамбетова, Қ.Сатпаевтың немересi:

- Қарағанды, Сәтпаев, Жезқазған және Екiбастұз секiлдi өнеркәсiптiк қалалардың барлығын да атамызға ескерткiш орнатылған. Ендi, мiне, өңiрдiң бiрден-бiр өндiрiстiк шаһары саналатын Степногорда да осындай монумент бой көтердi. Бұл бiздi қатты қуантады. Елiмiздiң индустриялық дамуы атамның арманы болатын.

Источник: 

Мақаланың шыққан күні: 08.09.2017
Қаралым саны: 689
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро