5-7 маусым аралығында мемлекеттiк органдардың, қауымдастықтардың, кәсiпорындар басшыларының, менеджерлердiң, инженерлердiң, технологтардың, сапалы мамандардың, жоғары оқу орындарының қызметкерлерi үшiн техникалық реттеу, метрология және басқару жүйелерiн оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру бойынша семинар өткiзiлдi.
Бюджеттiк бағдарлама аясында iс-шараны «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның Ақмола филиалы ұйымдастырды.
Семинар әртүрлi деңгейдегi қызметкерлердiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн жетiлдiру және арттыру мақсатында жүргiзiлдi (қарапайым мамандардан топ-менеджерлерге дейiн). Осы бағытта оқыту болашақта өнiм мен қызметтердi өндiрудi жақсарту үшiн барлық қажеттi құралдарды дұрыс және тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Iс-шараның iшiнде Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық базасының негiзгi қағидаларын, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерiнiң талаптарына сәйкестiгiне, техникалық регламенттердiң, Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйесiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылау (қадағалау), Еуразиялық экономикалық одақтағы стандарттау жүйесi бойынша қарастырылды, сондай-ақ метрология саласындағы жаңа заңдар, басқару жүйелерiн сертификаттау саласындағы жаңа тәсiлдер және т.б. КО/ЕАЭО техникалық регламенттерiн қолдану қарастырылды.
Қызметiне сәйкес жетекшi сарапшылар мен қызмет салаларында сарапшы аудиторлар аудитория алдында сөз сөйледi.
Iс-шараға Ақмола облысының мемлекеттiк органдарының өкiлдерi мен бизнес-орталықтар 90 адамдай қатысты.