Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 384.97
EUR | KZT 427.12
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. желтоқсанның 7
Көкшетауда кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша туралы семинар аяқталды

1 тамызда «ҚазСтИн» РМК-ның Ақмола филиалы «Кәсiпорындарда менеджмент жүйелерiн енгiзу бойынша өңiрлiк (салалық) семинарлар өткiзу» бойынша семинар өткiзiлдi.

Бюджеттiк бағдарлама аясында мемлекеттiк органдардың, бизнес-ортаның өкiлдерi, Ақмола облысының өнеркәсiп кәсiпорындарының әр түрлi санаттағы мамандары, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар және басқа да мүдделi ұйымдар үшiн ұйымдастырылды.

Семинар әртүрлi деңгейдегi қызметкерлердiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн жетiлдiру және арттыру мақсатында жүргiзiлдi (қарапайым мамандардан топ-менеджерлерге дейiн). Осы бағытта оқыту болашақта өнiм мен қызметтердi өндiрудi жақсарту үшiн барлық қажеттi құралдарды дұрыс және тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Қатысушылар келесi тақырыптарды қарастырды:

- ISO 9004 «Сапа менеджментi. Ұйым сапасы. Тұрақты табысқа қол

жеткiзу жөнiндегi ұсынымдар»;

- ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйелерi. Пайдалану жөнiндегi талаптар және нұсқау».

Семинардың лекторы Каримова Гулмаида Конысбайқызы — «ҚазСтИн» ОСжҒЖБ бастығы.

Мақаланың шыққан күні: 01.08.2019
Қаралым саны: 282

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?