Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Көкшетауда Қазақстан Халқы Ақмола ассамблеясының ХХ сессиясы өтті

Бүгiн Көкшетауда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен Қазақстан Халқы Ақмола ассамблеясының ХХ сессиясы өттi. Жиырмасыншы сессияның жұмысына облыстық ассамблеяның мүшелерi, этномәдени және дiни бiрлестiктердiң, қоғамдық келiсiм кеңестерiнiң төрағалары, мемлекеттiк мекемелердiң, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары және саяси партиялар мен үкiметтiк емес ұйымдардың басшылары барлығы 600 адам қатысты. Сондай-ақ, сессияға «100 жаңа есiм» жобасына ұсынылған кандидаттар да келдi.

Сессияны ашқан облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Тәуелсiз мемлекетiмiздiң бiрлiгi жарасып, дамудың даңғыл жолына түскен елiмiздi құрудағы Қазақстанның Тұңғыш Президентi, Ұлт көшбасшысы, Нұрсұлтан Назарбаевтың ролiне ерекше тоқталды.

«Елдегi этностардың достығы, мемлекетте орын алған келiсiм,өзгеге үлгiболарлық бiрлiгiмiз — бiздiңбасты байлығымыз. Қазақстан Республикасын құрып оны одан әрi дамытуда бiздiң Елбасымыз осы принциптерге аса мән берiп, бiрегей институт Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамашысы — авторы болды. Бүгiнгi күнi Тәуелсiз Қазақстанмен қатар дамып келе жатқан бұл институт бiрлiктi нығайтып, келiсiм мен ынтымақтастықтың әлемдiк үлгiсiне анйалды»,-дедi Мәлiк Мырзалин.

Өз сөзiнде облыс әкiмi осыдан бiрнеше жыл бұрын Мемлекет Басшысының қатысуымен Көкшетауда «Қоғамдық келiсiм» сарайы ашылғанын да айтты. Сонымен қатар ол, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда Ассамблеяға аса үлкен мән берiлгенiн атап өттi.

Сессия барысында, Қазақстан Халқы Ақмола Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып, «Видергебурт» облыстық немiс қоғамдастығының төрайымы Светлана Корнеева тағайындалып, жаңа құрам бекiтiлдi.

Осы күнi облыс әкiмi, ұлтаралық қарым-қатынас пен достықты нығайтуда және облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосқан ақмолалық азаматтарды медальдармен және «Құрмет» грамоталармен марапаттады. Олардың арасында, қоғам қайраткерi Зура Шуатаева, «Мерей» бiлiм және тәрбие кәсiпорнының директоры Гаухар Хамзина, Зерендi аудандық ауруханасының дәрiгерi Валерий Кан, армян тiлiнiң мұғалiмi Рузанна Дегоян және тағы басқалары бар.

Шара, мерекелiк концертпен аяқталды.

Мақаланың шыққан күні: 30.11.2017
Қаралым саны: 573
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро