Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
20 °C
2019 ж. тамыздың 19
Көкшетауда суқұбырларын тазалау қондырғысының құрылысы бойынша конкурс жеңімпазы анықталды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев iрi инфрақұрылымдық жобалардың құрылысына мамандандырылған «Caspian Contractors trust» компаниясының өкiлдерiмен кездесу өткiздi. Осы кәсiпорын Көкшетау қаласында су құбырларын тазалау қондырғыларын реконструкциялау мен кеңейту жобасы бойынша конкурстың жеңiмпазы атанды.

«Бiз қаламыздың проблемалы объектiсiмен сiздiң компания айналысатынына қуаныштымыз. Бұл әрбiр қала тұрғынын алаңдататын мәселе. Тiптi, 1986 жылы облыс орталығының су тазарту қондырғылары апатты деп танылған. Содан берi басты проблеманы шешуге барлық ұмтылыстар сәтсiз аяқталып келдi. 2009 жылы реконтрукциялау басталды, жоба 3 рет түзетiлдi. Бiрақ, өкiнiшке орай нәтиже шықпады. Ендi сiздердiң қатысуларыңызбен бұл жұмыс алға басады деп сенемiз», — дедi Ермек Маржықпаев.

Бас директор Виталий Аушариповтың айтуынша, жобада Суэц каналының құрылысын салған iрi халықаралық «Suez» компаниясының технологиясын пайдалану қарастырылған. «Бүгiн оның өкiлдерi объектiмен танысу және құрылыс барысын айқындау үшiн бiзбен бiрге келiп отыр. Әлем бойынша олар жүзеге асырған жобалар өте көп, беделi өте жоғары», — дедi В. Аушарипов.

«Caspian Contractors trust» компаниясының француздық әрiптестерiнде Қазақстанда жұмыс iстеудiң 25 жылдық тәжiрибесi бар және олар облыс әкiмiмен сұхбатта сәттi жүзеге асырылған жобалары туралы айтты. Олар — Шымкентте, Жаңаөзенде, Қызылордада су тазарту қондырғыларының құрылысы.

Сол күнi Ермек Маржықпаевтың тапсырмасы бойынша ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар бойынша жоспарларды талқылау үшiн қала әкiмi, мүдделi қала қызметтерiнiң мамандары мердiгермен және шетелдiк әрiптестермен кездесу өткiздi.

Мақаланың шыққан күні: 07.08.2019
Қаралым саны: 19

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?