Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Тұңғыш Президент күні Көкшетауда жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Көкшетауда Тұңғыш Президент күні жаңа аллеялар мен балалардың ойын және спорт алаңдары ашылды. Қала орталығында жаңа «Жастар» аллеясы пайдалануға берілді. Аллеяда қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, спортпен шұғылдануға да мүмкіндік алады. Тұңғыш Президент күні «Привокзальный» мөлтек ауданы тұрғындары үшін ерекше мереке болды. Себебі осы күні мұнда көптен күткен «Теміржолшылар» жаңа аллеясы пайдалануға берілді. Шаһардың тағы бір демалыс орнына айналатын бұл аллея, ерекше архетиктуралық композициялармен әсемделген. Мұнда асфальт, тротуар төселіп, жан-жағы көгалдандырылған. Васильковский мөлтек ауданы мен Есенберлин көшесі бойында балалар үшін мереке болды. Осы күні мұнда жаңа балалар ойын алаңдары мен street-workout спорт алаңы пайдалануға берілді. Жаңа нысандарды Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин аралап көрді.

Мақаланың шыққан күні: 01.12.2017
Қаралым саны: 605
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро