Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысында ардагерлер ұйымының 30 жылдығы аталып өтті

Ақмола облысында ардагерлер ұйымының 30 жылдығы аталып өттi. Салтанатты шараға аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин қатысты. Еске сала кетейiк, 1987 жылдың 21 наурызында соғыс және еңбек ардагерлерi мен зейнеткерлердiң мүддесiн қорғау мақсатында құрылған ардагерлер ұйымына биыл 30 жыл толып отыр. Қазақстан бойынша екi миллионнан астам адамды бiрiктiретiн ұйым бүгiндерi тек ардагерлердiң құқықтарын қорғап қана қоймай, жас ұрпаққа отансүйгiштiк тәрбие беру сияқты маңызды мiндеттi де абыроймен атқарып келедi. Тек Ақмола облысында аталған ұйымға 100 мыңнан астам ардагер мүше болып отыр.

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин ардагерлерге арнаған құттықтау сөзiнде екiншi дүниежүзiлiк соғыс, одан кейiнгi қалпына келтiру, тың игеру сияқты ауыр кезеңдердi бастан өткерген ардагерлерiмiздiң елiмiздiң Тәуелсiздiгiн нығайтып, экономикасын дамытуға да сүбелi үлестерiн қосқандығын айта келе, олардың еңбектерi ешқашан ұмытылмайтынын атап өттi.

Жиын соңында 40 тан астам ардагер көпжылдық еңбегi және қоғамдық өмiрге белсене араласып, жастарды отансүйгiштiк рухта тәрбиелеуге сүбелi үлес қосқаны үшiн мерейтойлық медальдармен, облыс әкiмiнiң алғыс хатымен және құрмет белгiсiмен марапатталды.

 

Мақаланың шыққан күні: 17.05.2017
Қаралым саны: 656
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро