Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысында жылуизоляциялық материалдар шығаратын жаңа зауыт ашылды

Тұңғыш Президент күнi қарсаңында Бұланды ауданында Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен жылуизоляциялық материалдар шығаратын жаңа зауыт ашылды.

«Politerm» ЖШС жылуизоляциялық материалдарды итальяндық инновациялық технологияны қолдану арқылы өндiретiн бiрегей жоба — жылына 34 мың тонна өнiм өндiруге қауқарлы.

«Бүгiн Бұланды ауданында жаңа зауыт ашылды, бұл өндiрiс орнында 100 ден астам жергiлiктi тұрғын тұрақты еңбекпен қамтылатын болады. Кәсiпорын мемелкеттiк қолдау арқылы жеке инвестицияға салынды. Зауыт аймақтың өндiрiс саласын одан әрi дамуына өзiндiк серпiн бередi»,-дедi Мәлiк Мырзалин зауыттың ашылу салтанатында.

Серiктестiк басшыларының айтуынша, өндiрiс орнының өнiмне деген сұраныс қазiрдiң өзiнде жоғары көрiнедi. Бүгiнгi күнi мұнда Ресей және ел iшiндегi кәсiпорындармен бiрқатар келiсiм жасалған. Мұнда шығарылатын өнiм құрылыстың барлық саласында қолданылады. Кәсiпорын тұтастай итальяндық жаңа қондырғымен жабдықталған.

Мақаланың шыққан күні: 30.11.2017
Қаралым саны: 471
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро