Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысында өңірдегі ең ірі макарон фабрикасы іске қосылды

Аршалы ауданында «Анар» астық қабылдау кəсiпорыны» ЖШС-нда ашылған фабрикада макаронның жоғары сұрыпты ұннан 11 түрi шығарылады. Кəсiпорынның қуаты тәулiгiне 200 тонна ұн өнiмдерiн құрайды.Кәсiпорын директоры Қуаныш Сақтағанның сөзiнше, фабрика қазiргi замаңғы қондырғылармен жабдықталған. Ұн өнiмдерi түркиялық, макарон итальяндық технология бойынша шығарылады. «Дайын өнiмдi Астана қаласына, оған қоса Қытай арқылы Шығыс жəне Орталық Азия елдерiне де экспорттау жоспарда бао», — дейдi кәсiпорын директоры Қуаныш Сақтаған. Өндiрiс орнының жұмысымен танысқан аймақ басшысы фабриканыi Астана қаласы айналасындағы азық-түлiк белдеуiн дамытуға зор септiгiн тигiзетiнiн атап өттi. Бiлiм күнi облыс әкiмi Аршалы ауданындағы Жiбек жолы орта мектебiнде болып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа автобустың сертификатын сыйлады. Ашылғанына жетi жыл ғана болған Жiбек жолы ауылындағы Иманжүсiп Құтпанұлы атындағы орта мектеп бүгiнде алдыңғы қатарлы бiлiм ошақтарының бiрiне айналды. Аталмыш мектеп 2011 жылы пайдалануға берiлгенде оқушылар саны екi жүзге толмаса да, биылғы оқу жылында 800 жүзден асып отыр. Оқушылардың 50 пайызға жуығы жақын маңдағы ауылдардан тасымалданады.

Мақаланың шыққан күні: 02.09.2017
Қаралым саны: 815
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро