Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының шекарасындағы кіреберіс белгісіне ең үздік эскиздік ұсыныс конкурсы жарияланды

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Ақмола облысының Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарымен шекарасындағы республикалық маңызы бар жолдарының бойында кiре берiс белгiсiне ең үздiк эскиздiк ұсыныс конкурсын хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға сәулетшiлер, суретшiлер, дизайнерлер, жобалау ұйымдары, шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттiктерi мен фирмалар, сабақтас кәсiптегi мамандар, сондай-ақ шығармашылық ЖОО-ның студенттерi мен бейiндi бiлiм беру мекемелерiнiң оқушылары және т.б. шақырылады.

Конкурсқа қатысушы бiр адам (автор), сондай ақ шығармашылық авторлық ұжымдар болуы мүмкiн. Конкурсқа қатысушылар ұсынған жұмыстардың саны шектелмейдi.

Қатысушылар конкурстық материалдарды 2017 жылдың 10 тамызынан 10 қыркүйегiне дейiн конкурс хатшылығына Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87, 209 каб. мекен жайы бойынша, немесе электронды пошта арқылы e-mail: obl_arhitektura@mail.ru, тел.:+7(7162) 25-51-49 ұсына алады.

Конкурс шарттарының ережесiн осы жерден жүктеу. (DOCX 19 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 07.08.2017
Қаралым саны: 445
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро