Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараларда цифрлық технология қолданылады

Бүгiн облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен су тасқыны қауiптi кезеңнiң өзектi мәселелерi бойынша кеңес өткiзiлдi, онда цифрлық технологияны қолдану арқылы гидрологиялық болжам әзiрлеудiң жаңа жүйесi талқыланды.

Өңiрде 19 наурыздан бастап азаматтық қорғаныс жүйесi «жоғары дайындық» режимiне ауыстырылды. Қазгидрометтiң мәлiметiне сәйкес, күннiң жылынуына және жауын-шашынға байланысты, Ақмола облысының аумағында қардың қарқынды еруi, өзен арнасының көтерiлуi күтiлуде.

NASA спутниктердiң және ГИС-технологиялардың ғарыштан түсiрiлген суреттерiн пайдалана отырып, Қазгидромет орталығы өзен бассейндерiнiң қармен көмкерiлуi алаңдарының картасын құру арқылы болжам жасаудың жүйесiн түбегейлi өзгерттi. Атап айтқанда, цифрлық технологиялар жазық жерлерде ағатын өзен бассейндерiнiң су жиналу алаңын алғаш рет анықтады, соның негiзiнде млн.м.куб бойынша ылғал қорының көлемi есептеледi. Жаңа жүйе мәлiметтерiнiң нәтижесiнде Ақмола облысының әкiмдiгi 3-тен 7 күнге дейiн күтiлетiн суды уақытында бақылай алады. Қазгидромет болжамдарының дұрыстығы айтарлықтай жоғары: 7 күнге дейiн — 90%, 3 күнге — 95%.

Қазгидромет апта сайын барша өңiр бойынша өзен бассейнiндегi ылғал қоры көлемiнiң млн.м.3 бойынша өзгеру серпiнi туралы ақпарат ұсынады. Жердiң қатыуы бойынша мәлiметтер алғаш рет ұсынылды. 2018 жылы жердiң қату тереңдiгiнiң мәнi өткен жылғыларға қарағанда жоғары, ол топыраққа ылғал қорының сiңуiне және өзен суларының көбеюiне ықпал етуi мүмкiн.

Бүгiнгi таңда, ғарыштық мониторинг бойынша қар жамылғысының болуы Көкшетау, Степногорск қалаларынан, Аршалы, Бiржан сал және Бурабай аудандарынан басқа облыстың 14 аудан аумағының 65% байқалады.

Қолайсыз су тасқынына жол бермеу мақсатында, Ақмола облысында көктем маусымындағы төтенше жағдайлардан ауданның елдi мекендерiн инженерлiк қорғау бойынша бiрқатар шаралар қолданылды.

Ақмола облысы аумағының су объектiлерiнiң (өзендер, су қоймалары, көлдер, тоғандарда және т.б.) қауiптi учаскелерiнде су деңгейiн бақылаудың 96 постысы құрылды. Барлық бақылау постыларында аудандар мен қалалар әкiмдiктерiнiң, облыстың ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерiнен жауапты тұлғалардың кезекшiлiгi ұйымдастырылды.

Қазiргi уақытта, Ақмола облысының аумағында жағдай тұрақты. Тұрғын үйлердi су басуға жол берiлген жоқ.

Суретте: 2018 жылғы 09 сәуiрге Ақмола облысында қар жамылғысының таралуы — 65%.

 

Мақаланың шыққан күні: 10.04.2018
Қаралым саны: 2151
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика