Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысында егін орағы аяқталуға жақын

Бүгiн Ақмола облысы әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен аппарат кеңесi өттi. Кеңесте алдымен аймақ басшысы Ақмола облысы бiлiм басқармасының жаңа басшысымен таныстырды. Облыс әкiмiнiң 2017 жылғы 6 қыркүйектегi өкiмiмен Талғат Жүнiсов облыстық бiлiм басқармасы басшысы болып тағайындалды. Талғат Тұрлыбекұлы бұрыңғы Көкшетау облысында дүниеге келген. Екi ЖОО бiтiрген. Техника ғылымдарының докторы, академик. Еңбек жолын жұмысшы болып бастаған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде ассистент, доцент, ауыл шаруашылығы институты директорының орынбасары, сырттай оқытатын бөлiмшенiң деканы, проректор лауазымына дейiнгi қызмет жолынан өткен. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнде қызмет атқарған. 2002-2008 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң проректоры, 2008-2012 жылдары Рудный индустриалдық институтының ректоры, 2012-2014 жылдары ҚР Ұлттық инженерлiк академиясының вице-президентi, 2014-2016 жылдары ҚР Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару академиясының вице-ректоры болып қызмет атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейiн «Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығы» ҰАО Басқарма төрағасының орынбасары болды.

Кеңесте егiн орағы науқанының барысы талқыланды. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы М. Балпанның айтуынша, бүгiнгi күнi орақ науқанына облыс бойынша 9 мыңнан астам комбайн жұмылдырылған. Бүгiнгi деректерге сәйкес, 3,3 млн алқаптан бидай орылып, қамбаға құйылған. Бұл көрсеткiш былтырғы жылдың осы мауысымымен салыстырғанда 900 мың гектар алқапқа артық.

«Атап айту керек, өңiрдiң ауылшаруашылығы кешенi биыл ауылшаруашылығы өнiмдерiн диверсификациялау көрсеткiшiн арттыру бойынша АШ министрлiгiмен қол қойылған меморандумдағы барлық талаптарды орындады. Егер ауа-райы қолайлы болса, орақ науқанын уақытында аяқтаймыз»,- дедi М. Балпан.

Өз кезегiнде аймақ басшысы, ырыс дәнiн ысырап қылмай жинау үшiн нақты тапсырмалар жүктеп, келесi жылғы көктемгi дала жұмыстарына қамдана берудi жүктедi.

Жиында мұрағат қызметiнiң даму мәселелерi де талқыланды. Облыстық мұрағаттар мен құжаттар басқармасының басшысы М. Тохаеваның айтуынша, мемлекеттiк сақтау қорында бүгiнгi күнi 1 млн. 355 мың мұрағат iс сақтаулы. Оларды сақтау үшiн қауiпсiздiк жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, Жарқайың мен Егiндiкөл аудандарындағы мұрағат ғимараттарында өрт қауiпсiздiгi мен күзет мәселесi оңтайлы шешiлген. Ал, Бұланды, Целиноград, Бурабай аудандарында мұрағат ғимараттарының үлкейту жұмысы қолға алынып, құжаттардың сыйымдылығы қамтамасыз етiлген. Матариалдық-техникалық базаны нығайту мәселесiн шешу үшiн биыл 15 млн теңге бөлiнiп, Еңбекшiлдер мен Ерейментау аудандарында қажеттi техника сатып алынған.

Жиында облыс әкiмi, мұрағаттарды сандық технологияға көшiру жұымысын жеделдетудi тапсырып, Елбасының «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бiр ай мерзiм iшiнде жаңа жобалар нұсқасын ұсынуды мiндеттедi.

Мақаланың шыққан күні: 11.09.2017
Қаралым саны: 901
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро