Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 360.12
EUR | KZT 409.67
RUB | KZT 5.33
Көкшетау қ.
11 °C
2018 ж. тамыздың 19
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ!

АКМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКIМIНIҢ «ҒАЖАЙЫП БУРАБАЙ» СЫЙЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже туризм саласындағы жетiстiктердi айқындау бойынша ең жақсы концепциялар мен жобаларға конкурс (одан әрi — Конкурс) өткiзу тәртiбiн белгiлейдi. 1.2. Конкурс бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтiк желiлерде туризм сласындағы жетiстiктердi ең жақсы ақпараттық орналастырған материалдардың авторларының (штаттан тыс корреспонденттер), блогерлердiң, республикалық және аймақтық БАҚ журналистерiнiң арасында өткiзiледi. 1.3. Ақмола облысының туризм басқармасы Конкурсты ұйымдастырып және үйлестiрушi болып табылады.

II. Конкурстың мақсаты мен мiндеттерi:

2.1. Конкурстың мақсаты — туризм саласындағы жетiстiктердi айқындау бойынша ең жақсы журналистiк жұмыстарды анықтау. 2.2. Конкурстың мiндеттерi: а) Ақмола облысының туристiк тартымдылығын арттыру; б) аймақтың туризмiн дамыту мен жылжыту саласында қызықты және табысты жобаларды анықтау; в) туристiк сала туралы оң пiкiр қалыптастыру және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiне халыққа осы саланың дамуы туралы ақпаратты жеткiзуде көмек көрсету; г) iшкi және халықаралық туризмдi көпшiлiкке түсiндiрiп тарату; д) Ақмола облысының теңдессiз туристiк объектiлерiн ақпараттық жылжытуға көмек көрсету, инвестициялар тарту және т.б.

III. Конкурсты ұйымдастыру:

3.1. Конкурс осы Ереже жарияланғаннан күннен бастап өткiзiледi және жыл сайынғы болып табылады. 3.2. Конкурсқа 2017 жылдың 27 қыркүегiнен бастап, 2018 жылдың 15 қыркүйегiн қоса есептеген кезең iшiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарыққа шыққан БАҚ басылымдары мен әлеуметтiк желiлерде жарияланған журналистердiң, блогерлердiң авторлық жұмыстары, видеосюжеттерi, телебағдарламалары қабылданады. Осындай мерзiмдер келесi жылдарға да анықталды. 3.3. Конкурстық жұмыстарды қараған кезде БАҚ-да жарияланғаннан алынған әсерге аса көңiл бөлiнедi. 3.4. Конкурсқа телевизиялық бағдарламалар, сюжеттер, радиобағдарлар CD/DVD-дискiлерiнде қабылданады, басылымдық жұмыстар газет немесе басқа басылымдар (көшiрмелерi) альбом түрiнде, скриншоттар немесе файлды папкалармен (материалдың атауы басылымға, радио немесе телеэфирде шыққан күнi мен нөмiрi көрсетiлiп) ұсынылуы қажет. Ақпараттық агентствалардағы материалдар –PDF және DVD форматындағы электрондық версиялар түрiнде Интернетте орналастырылған материалдардың мекенжайына сiлтеме көрсетiлсiн. 3.4. Мемлекеттiк сайт конкурсына қатысу үшiн сайттың мекенжайы көрсетiлiп өтiнiм толтырылуы қажет. 3.5. Әрбiр конкурсант өтiнiмдi толтырғанда, онда БАҚ атауын, аты-жөнiн, почтаның мекенжайын және телефон нөмiрiн көрсетедi, сонымен қатар жеке куәлiгiн көшiрмесiн ұсынады.

3.6. Өтiнiмдер мен конкурстық жұмыстар 2018 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн, келесi жылдарда да туризм басқармасына ұсынылады. 3.7. Конкурстық жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

IV. Сыйлық номинациялары

Сыйлық келесi номинациялар бойынша I, II, III орындарға тағайындалады: 1) «Ең жақсы телевизиялық бағдарлама/видеосюжеттер»; 2) «Ең жақсы басылымдық баспасөздердегi мақала» (газеттер, журналдар)»; 3) «Ең жақсы радиодағы бағдарлама»; 4) «Ең жақсы интернет-медиадағы мақала» (соның iшiнде ақпараттық агентствалар); 5) «Ең жақсы блогер»;

Әр номинацияда «Көрермендер көзайымының сыйлығы».

V. Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдерi

1. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары келесi өлшемдер бойынша бағаланады: 1) материал беру жүйелiлiгi және аудиториияны қамту; 2) қоғамдық маңыздылығы мен тақырыптың өзектiлiгi және материалдың мазмұны; 3) орындау кәсiбилiгi; 4) материалды көрсету ерекшелiгi мен тиiмдiлiк түрi.

VI. Авторлық құқық

1. Конкурсқа қатысқан жұмыстың авторлық құқығын сақтауға жауапкершiлiктi осы жұмысты Конкурсқа жiберген қатысушы алады. Конкурсқа өз жұмысын жiбере отырып, автор Конкурстың ұйымдастыру комитетiне жiберiлген материалды коммерциялық емес (Интернетте, басылымдарда, әлеуметтiк желiлерде орналастыру) мақсаттарға пайдалануға автоматты түрде құқығын бередi.

VII. Өткiзу тәртiбi мен қорытындысын шығару.

1. Конкурстық материалдарды қарап және номинация беру үшiн конкурстық комиссия құрылады. 2. Комиссия мұшелерi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi, үкiметтiк емес ұйымдардың, журналистика ардагерлерi және т.б. болып табылады. 3. Конкурстың қорытындысын конкурстық комиссия қарап және бекiтедi. Номинация беру туралы шешiм конкурстық комиссияның отырысында оның құрамы 2/3 кем болмаған жағдайда басым дауыспен қабылданады. 4. Нақты номинация бойынша сыйлыққа лайықты үмiткерлер болмаған жағдайда комиссия қаражатты басқа номинацияларға немесе ынталандыру сыйлығына бөлу туралы шешiм қабылдауға құқылы. 5. Бiр талпынушыны екi немесе одан артық номинациялар бойынша ұсынуға болмайды. 6. Әр номинацияда үш жеңiмпаз ( I, II, III орындарға). 7. Комиссия мүшелерi конкурсқа қатыспайды. 8. Конкурстың соңғы қорытындысы жыл сайын қыркүйектiң екiншi онкүндiгiнде шығарылады. 9. Конкурстық комиссия конкурста қосымша номинациялар тағайындауға құқылы. 10. Конкурстың жеңiмпаздары әр номинацияда дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталады:бiрiншi орын үшiн — 500 мың теңге мөлшерiнде,екiншi орынға — 300 мың тенге,үшiншi орынға — 200 мың тенге. Көрермендер көзайымының сыйлығына — 100 мың

тенге. 11. Конкурстың жеңiмпаздарына әр номинация бойынша дипломдар мен бағалы сыйлықтар жыл сайын Бүкiләлемдiк Туризм күнiне арналған шарада салтанатты түрде тапсырылады.

Мақаланың шыққан күні: 30.01.2018
Қаралым саны: 4120
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика