Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Өрт қауiптi кезеңнiң басталуына байланысты, Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасы Сiзден орман дана алқаптарында, саяжай және бақ кооперативтерiнiң аумақтарына өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтауыңызды сұрайды.

Орман дала алқпатарында өрттi болдырмау үшiн: от жағу, аңшылық кезiнде тез тұтанатын және бықситын материалдардан оқты қолдану, жанар-жағармай заттары сiңген сүрту материалдарын тастау, iске қосылып тұрған iштен жану қозғалтқыштарын пайдалануға болмайды. Орманның алаңқай жерлерiнде, шалғын, пiшендiк жер мен мемлекеттiк орман қорының жайылымдарында шөптердi өртеуге тыйым салынады.

Саяжай және бақ кооперативтерiнiң аумақтарындағы өрттердi болдырмау үшiн келесi iс-шараларды орындау қажет: саяжай құрылыстарына жақын орналасқан аумақтарды тұрақты түрде қоқыстан, қалдықтардан және өртенетiн материалдардан тазалап отыру, қоқыстарды арнайы белгiленген жерлерде жинап, шығарып тастау қажет. Оларды жинау орнында өртеуге болмайды. Әр саяжай үйлерiнiң маңында 200 литрден кем емес су қоры бар бөшке орнату керек. Өрттi болдырмау үшiн отпен абай болуыңыз қажет. Сөндiрiлмеген темекi тұқылдары мен сiрiңкенi тастамау керек, желiге қосулы электр құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды.

Құрметтi азаматтар! Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасы қала аумағында өрт қауiпсiздiгiнiң қағидалары мен ережелерiн қатаң сақтауға шақырады.

Өрттi байқаған жағдайда жедел түрде «101», «112» шұғыл қызметтерiнiң телефондары бойынша хабарлауларыңыз қажет.

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтамаған жағдайда айыпты тұлғалар «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiне сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатын болады.

Көкшетау қаласы ТЖБ

Мақаланың шыққан күні: 30.08.2017
Қаралым саны: 754

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?