Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 340.27
EUR | KZT 396.31
RUB | KZT 5.39
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. маусымның 25
Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — Медицина қызметкерлерi күнiмен шын жүректен құттықтаймын! Адам жанының арашашысы дәрiгерлер мен медицина саласы қызметкерлерiнiң атқарып отырған қызметтерi — ежелгi заманнан берi келе жатқан және адамзат баласы ерекше қадiр тұтатын мамандықтардың бiрi.

«Бiрiншi байлық — денсаулық» — деп халқымыз бекер айтпаса керек-тi. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдаулары, 5 институционалдық реформа және 100 нақты қадам бағдарламаларында денсаулық сақтау саласын қолжетiмдi, тиiмдi ету мемлекет саясатының басым бағыттарының бiрi болып табылады. Елiмiзде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетiмдi және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкiндiктер жасалуда.

Тұрғындар денсаулығы –қоғамның зор байлығы. Ал, бай қоғам  — жарқын болашақ екенi даусыз. Сiздер өз кәсiби мiндеттерiңiздi адал атқарып келесiздер. Медицина қызметкерiнiң тәжiрибесi, кәсiпқойлығы, бiлiмi мен шеберлiгi, адам өмiрi мен денсаулығына үлкен жауапкершiлiкпен қарауы — қоғамның тұрақты дамуының кепiлi болып табылады. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру — барлық дәрiгерлерге пән қасиет. Көкшетаудағы медицина тарихында атақты дәрiгерлер, өздерiне жүктелген сенiмдi үлкен жауапкершiлiкпен атқарып келе жатқан мейiрбикелер мен фельдшерлер аз емес. Осы бiр айшықты мереке қарсаңында қаламыздың денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусiз үлес қосқан медицина саласының ардагерлерiне ерекше алғыс бiлдiргiм келедi. Баға жетпес қоғамдық байлық — әрбiр адамның басты бақытына, әрқайсысымыздың, болашақ ұрпақтың және жалпы ұлт саулығына деген сiздердiң қосып жатқан үлестерiңiз ең жылы лебiздерге лайықты.

Қадiрлi медицина қызметкерлерi! Баршаңызға шексiз алғысымды жеткiзе отырып, бақытты өмiр, еңбектерiңiзге толайым табыс, отбастарыңызға береке-байлық тiлеймiн. Мерекелерiңiз құтты болсын, ақ халатты абзал жандар!

Көкшетау қаласының әкiмi
Ермек Маржықпаев

Мақаланың шыққан күні: 13.06.2018
Қаралым саны: 44
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика