Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 445.84
EUR | KZT 490.47
RUB | KZT 5.73
Көкшетау қ.
-3 °C
2020 ж. наурыздың 30
Қымбатты көкшетаулықтар!

Баршаңызды көктемнiң жарқын мерекесi — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз дана халқымызда еңсесi биiк елдiктiң, iргесi сөгiлмес бiрлiктiң, ырыс пен ынтымақтың мерекесiне айналды. Қазiргi уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, дiни сенiмiне қарамастан Қазақстанды мекендейтiн барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесiне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекiтуге, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт-дәстүрiнiң қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесiн қосып отыр.

Қазақ халқында бұл мейрамды тойлаудың ертеден қалыптасқан дәстүр бар. Адамдар ауласын тазалап, үйдiң ауылдың көшелерiне ағаш көшеттерiн отырғызады, бұлақтың көзiн ашады. Бiр-бiрiне жақсы тiлектерiн айтады. Үйдегi үлкен кiсiлер жастарға бата бередi. Дастарқанға ауылдың үлкен ақсақалдары бата бередi. Халық арасында «Наурыз» таза үйге кiрсе, үй iшiне ауру-сырқау, бәле-жала жоламайды» деген сенiм бар.

​ Күн мен түн теңелетiн, ырысы мол мереке бiздiң жан-дүниемiздi шуаққа бөлейдi, ой-ниетiмiздi таза арнаға бұрады. Бұл кешiрiм мен мейiрiмнiң, үмiт пен сенiмнiң, iзгiлiк пен түсiнiстiктiң мерекесi.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тiлекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға — береке, халқымызға — игiлiк, мемлекетiмiзге молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тiлеймiн.

  Көкшетау қаласының әкiмi                                                                                      Амангелдi Смайылов.

Мақаланың шыққан күні: 20.03.2020
Қаралым саны: 387

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус