Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
9 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Құрметті көкшетаулықтар!

Сiздердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi күнiмен құттықтаймын! Тәуелсiздiк алған жылдардан бастап қазақстандық Ту, Елтаңба мен Әнұран ел тұтастығының белгiсi болып келе жатыр. Олардың мәнiн ашып көрсеткен ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Барлық уақыттарда және барлық халықтарда Рәмiздер мемлекеттiлiк пен егемендiктiң белгiсi болып қала бередi. Бiздiң Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз ұлы дала елiнiң нағыз белгiсiндей» деп атап көрсеткен едi. Бұл терең мағыналы сөздердiң мәнi де тереңде жатыр. Елге деген құрмет пен отансүйгiштiк қасиет болмаса, нағыз азаматты тәрбиелеп шығару мүмкiн емес. Олар Елбасы жүзеге асырып отырған саясатты негiзге алатын басты құндылықтар. Бұл–ашықтықтың, бейбiтшiлiк сүйгiштiктiң, тәуелсiздiк пен келiсiмнiң белгiсi. Сондықтан Мемлекеттiк рәмiздер келешек ұрпақ үшiн де, мемлекеттiң барлық азаматтары үшiн де үлкен мәнге ие.

Қазақстан жыл сайын табысты алға қадам басып келедi. Ол өзiнiң халықаралық аренадағы беделiн де күшейткен. Бiздiң Әнұран шырқалып, көк аспан түстi Туымыз желбiреп, алтын күнге қарай қалықтаған қырандай ұлы ел ретiндегi мәртебемiздi биiктете түседi.

Сiздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, сүйiктi елiмiз–Қазақстан Республикасына адал қызмет ете беру жолында тек табыстар тiлеймiн.

Ермек Маржықпаев, Көкшетау қаласының әкiмi

Мақаланың шыққан күні: 04.06.2018
Қаралым саны: 112
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика