Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 370.04
EUR | KZT 420.99
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-8 °C
2018 ж. желтоқсанның 14
Құрметті ақмолалықтар!

Қуанышты уақиға — Отанымыздың басты қаласы елорданың 20 жылдық мерейтойына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бүгiнгi таңда, Астана — тәуелсiз және қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттiң символы, барша Қазақстан халқының қажырлы еңбегiнiң нәтижесiнде күннен-күнге гүлденiп келе жатқан қала. Елiмiздiң барлық халқымен бiрге, бiз елорда маңы өңiрiнiң тұрғындары — ақмолалықтар да Астана қаласының дамуына өз үлесiмiздi қосып келемiз.

Бiз өткерген меже, бiздiң жас мемлекетiмiздiң жетiстiктерi мен табыстарын анық байқауға мүмкiндiк бередi. Осы жылдары Астана саяси өмiрдiң орталығына, адамзаттың жаһандық мәселелерiн, қауiпсiздiк пен ынтымақтастық мәселелерiн шешуде әлем көшбасшылары кездесетiн орынға айналды.

Осы мереке күнi ақмолалықтарды Астана күнiмен құттықтаймын. Бейбiтшiлiк пен ашық аспан, мейiрiмдiлiк пен парасаттылық, баянды бақыт пен ұзақ ғұмыр тiлеймiн.

Мәңгiлiк Елдiң жас елордасы шарықтап, гүлдене берсiн.

Мақаланың шыққан күні: 04.07.2018
Қаралым саны: 1167
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?