Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Құрметті көкшетаулықтар мен қала қонақтары!

1991 жылдың 1-шi желтоқсанында бiздiң халқымыз бiрiншi тарихи қадамын жасап, өзiнiң тұңғыш Президентiн сайлады және осы күннен бастап Тәуелсiз мемлекеттiң тарихы басталды. Тұңғыш Президент күнi — бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа деген халықтың сенiмi. Елбасының көреген саясатының арқасында тәуелсiздiк жылдары бiздiң ертеңгi күнге деген сенiмiмiз артты. Қазiр Қазақстанды бейбiтшiлiк сүйгiш және дамыған, қоғамдық келiсiм мен халықтар бiрлiгiн ұран еткен мемлекет ретiнде әлем таныды. Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiнiң өтуi де Мемлекет басшысының беделiн жоғары көтердi. Көпұлтты Қазақстанның Тұңғыш Президентi ретiнде Нұрсұлтан Назарбаев кесiмдi пiкiрi, көрегендiгi және мақсатты саясаты арқасында мемлекет тәуелсiздiгiн нығайтып, халыққа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы жарқын болашағын таңдауға мүмкiндiк бердi. Құрметтi жерлестер, сiздердi Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтаймын! Сiздерге мықты денсаулық, бақыт, отбасылық береке, бiрлiк, барлық бастамаларда жетiстiктер тiлеймiн.

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ,
Көкшетау қаласының әкiмi.

Баршаңызды Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттар корпусының атынан мемлекеттiк мереке — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен құттықтаймын! Қазақстан тарихында тұңғыш рет өткiзiлген жалпыхалықтық сайлауда Мемлекет басшысы болып сайланған Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев екi онжылдықта тәуелсiз елiмiздi халықаралық деңгейде танытты. Бүгiнде әлем Қазақстанды бейбiтсүйгiш, бiрлiгi жарасқан ел ретiнде таниды. 2010 жылы Елбасы елiмiз халықтары алдындағы көрсетiп келе жатқан еңбегi үшiн «Ұлт көшбасшысы» атағына ие болды. Мемлекет басшысы қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, дүниежүзiндегi халықтар мен мемлекеттер арасындағы келiсiмге, бейбiтшiлiктi арттыруға сүбелi үлес қосып, жаңа мемлекеттiң келбетiн қалыптастырды, елдiң болашағын айқындап, экономиканың өрлеуiне ерекше серпiлiс бердi. Баршаңызды осы бiр атаулы күнмен шын жүректен құттықтай отыра, әр отбасына денсаулық, бейбiтшiлiк пен игiлiк, молшылық тiлеймiн!

Бауыржан ҒАЙСА,
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

Мақаланың шыққан күні: 30.11.2017
Қаралым саны: 353
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро