Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 377.95
EUR | KZT 431.2
RUB | KZT 5.66
Көкшетау қ.
-12 °C
2019 ж. қаңтардың 17
Үш жылдық бюджет қаралды

Көкшетау қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы 26-шы кезектi сессиясы өттi. Онда экономика және бюджеттi жоспарлау бөлiмiнiң жетекшiсi Г. Шұқатова «2019-2021 жылдарға арналған қала бюджетi туралы» баяндады. Сондай-ақ, ауылдық жерлерге еңбек етуге келген мамандарға жәрдемақы төлемi мен әлеуметтiк қолдау жөнiнде әңгiме қозғалып, қаланы басқару жөнiндегi бұрынғы сызбаны қалдыру туралы шешiм қабылданды.

Үш жылға жоспарланған қала бюджетi 29 983,1 миллион теңгенi құрайды. Салықтық түсiмдер 21 940,3 миллион теңге, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 107 пайызға көп. Салықтық емес түсiмдер 120,4 миллион теңге. Негiзгi капиталды сатудан түскен қаржы 797,1 миллион теңгенi құрамақ. Трансферттер 7 125,4 млн. теңге. 2020 жылдың кiрiсi 24 097,6 млн. теңге, ал 2021 жылы 23 221,2 млн. теңге болады деп болжамданып отыр. 2019 жылы қалалық бюджеттiң жалпы шығыны 30 937,1 млн. теңге болады деп жоспарлануда. Жалпы, бюджеттiң әлеуметтiк салаға, атап айтқанда бiлiм, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спортқа 12 204 млн. теңге болады деп жоспарланған. Оның iшiнде бiлiмге кететiн шығын — 86,3, әлеуметтiк салаға — 10, мәдениет, спорт пен ақпараттық кеңiстiкке — 3,7 пайыз болады деп күтiлуде. 79,5 млн. теңгенiң трансферттерiне коммуналдық нысандар жөнделедi. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың алдын алуға 5,0 млн. теңге, қоғамдық қауiпсiздiк пен тәртiпке — 134,4 млн. теңге бөлудi жос-парлап отыр. Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығысты 68 285,0 мың теңгеге ұлғайтып, оны қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға жұмсау туралы шешiм қабылданды.

Мақаланың шыққан күні: 08.01.2019
Қаралым саны: 23
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?