Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 411.54
EUR | KZT 458.13
RUB | KZT 5.84
Көкшетау қ.
?
?
2020 ж. мамырдың 30
Ұлттық ұлан — тыныштықтың қалқаны

Биыл Көкшетаудағы 5510 әскери бөлiмiнiң құрылғанына 25 жыл толып отыр.

Бастапқыда жеке оперативтi батальон болып құрылған бөлiмше 2008 жылы жедел мақсаттағы батальон полкы ретiнде қайта жасақталды. 2013 жылдан бастап ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңiрлiк қолбасшылығының құрамына кiрдi. Дегенмен, iшкi iстер органдарында қоғамдық тәртiптi сақтауға жәрдемдесу, жазасын өтеушiлердi қадағалау, сот қарауылдарында қызмет ету сияқты негiзгi мiндеттер өзгерiссiз қалды. 2017 жылы 5510 әскери бөлiмiнiң қызметшiлерi «ЭКСПО» халықаралық көрмесi нысандарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты.

Бүгiнгi күнi әскери бөлiмде 1,5 мыңға жуық жеке құрам сарбаздары әскери борыштарын өтеуде. Әскери бөлiм Көкшетауда болғанымен, кейбiр атқыштар роталары Гранитный, Атбасар және Саумалкөл поселкелерiнде орналасқан. Әскери қызметшiлер қызметiн ойдағыдай өткеру үшiн барынша қолайлы жағдай жасалған. Асхана, акт және спорт залдары, кiтапхана, казармалар қажеттi құралдармен жабдықталған. Аумақта офицерлер жатақханасы орналасқан. Сондай-ақ, Тәжiкстан мен Ауғанстан шекарасындағы Пшихавр шатқалында қаза тапқан 17 жауынгердiң ерлiгiне арналған ескерткiш, бөлiмнiң Жауынгерлiк Туы сияқты әскери нышандарды көруге болады. «Бұл Қазақстанның Қарулы Күштерiне қатыстылығын көрсететiн Құрмет белгiсi ғана емес. Ту — ерлiк пен даңқтың символы болып табылады, сарбаздарды батырлыққа, қасиеттi борыш — Отан қорғауға үндейдi», — дейдi 5510 әскери бөлiмiнiң командирi Асқар Файзуллин.

Асқар Қайратұлы бөлiмдi 2018 жылдан бастап басқарып келедi. Бұған дейiн Петропавл жоғары әскери училищесiнде командалық-тактикалық мамандығына оқып, взвод, батальон командирi, штаб бастығының орынбасары болған. Ол соғыс өртi тұтанған Ауғанстан мен Тәжiкстанда әскери мiндетiн орындаған жауынгер-интернационалистердi әскери борышқа адалдықтың үлгiсi ретiнде таниды. «Мемлекет басшысының қамқорлығымен бiздiң Қарулы Күштерiмiз, басқа да әскерлер мен құрамалар елiмiздiң сенiмдi қалқаны, халықаралық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгiне айналды. Жылдан-жылға олар қазiргi заманғы қару-жарақ, техникамен қамтамасыз етiлiп, жоғары бiлiмдi мамандармен толығуда. Қасиеттi Отан алдындағы борышты өтеу — әр азаматтың парызы. Ұлттық ұлан сарбаздары жүктелген тапсырманы жауапкершiлiкпен орындап, қоғамдық тәртiптi сақтауға, азаматтардың қауiпсiздiгiн қорғауға лайықты үлесiн қосып келедi», — дейдi Асқар Қайратұлы.

Мақаланың шыққан күні: 20.05.2020
Қаралым саны: 49

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус