Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 370.04
EUR | KZT 420.99
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-11 °C
2018 ж. желтоқсанның 14
Тұрғындар тілегі – назарда

Көкшетау қалалық мәслихаты депутаттарының қатысуымен қоғамдық кеңес отырысы өттi.

Күн тәртiбiндегi алғашқы мәселе — Красный Ярдың iргесiндегi Элита поселкесiнiң тұрғындарының қоқыс полигонына қатысты шағым хаты қаралды. Красный Яр селолық округiнiң әкiмi Нұрлан Айсиннiң айтуынша, «Эко Dump» ЖШС полигонға жауапты кәсiпорын. Қазiргi уақытта мұнда қаланың заңды және жеке тұлғалары қатты тұрмыстық қалдықтарды тапсырады. Кәсiпорын 71 мекемемен келiсiмшарт жасаған. Биылғы жылдың үш тоқсанында полигонда 20 031 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, 3657 тонна құрылыс қоқыстары қабылданған. Полигон аумағында 1 700 м3 көлемiнде қоқыс жойылған. 390 түп терек, 400 түп алма ағашы отырғызылған. «Көкшеветсервис» ветеринарлық қызметiмен полигон аумағынан қаңғыбас иттер ауланған. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы полигонда санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргiзген. Аталған ведомствоның бөлiм бастығы Әсемгүл Қазизова арнайы тексеру барысында бiрқатар заңбұзушылықтар анықталғанын айтады. «Ережеге сай полигон елдi мекеннен 1000 метрге алшақ орналасуы тиiс. Қаладағы «Камаз-Инжиниринг» АҚ, «ДЭУ» ЖШС сияқты кәсiпорындардың өндiрiстiк қалдықтарының бәрi осында төгiлуде. Қоқысты жинау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, көму бо-йынша заңбұзушылықтар анықталды. Топырақ қабатына өндiрiстiк бақылау жүргiзiлмейдi. Заң талаптарын сақтамағаны үшiн серiктестiкке 20 АЕК көлемiнде айыппұл салынды. Материалдар арнаулы органдарға жiберiлдi», — дейдi Ә.Қазизова.

Қоғамдық кеңес отырысында Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiнiң жетекшiсi Г.Шұқатованың «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджетке енгiзiлген өзгерiстер туралы», Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк мекемелерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi сараптау бөлiмiнiң жетекшiсi А.Әкiшеваның «Жер заңнамасы аясында мемлекеттiк қызмет регламентi мен стандарттар талабының сақталуы», мемлекеттiк-құқықтық бөлiм жетекшiсi Б.Ерназаровтың «Қоғамдық тәртiптiң сақталуына қатысатын азаматтарды марапаттау туралы», мемлекеттiк кiрiстер басқармасының жетекшiсi Б.Кәрiмовтың салық төлемдерi туралы есептерi тыңдалды.

Мақаланың шыққан күні: 05.12.2018
Қаралым саны: 25
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?