Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Түйткілді мәселелер талқыға түсті

Облыстық кәсiпкерлер палатасының алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша қалалық кәсiпкерлер форумы өттi. Әңгiме арқауынан аңдағанымыз — көп мәселе жер телiмiне байланысты. Бұл проблема бұрын да болған, қазiр де кездеседi.

Арыздарын әлдеқашан тапсырып, ендi шешiмiн айлап күтiп жүргендер бар. Ұлтарақтай жерiне қол жеткiзе алмай, есiк жағалағандардың салы суға кеткен. Немесе салған ғимаратының техникалық құжаттары реттелмеген. Облыстық кәсiпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтановтың айтуынша, жеке кәсiпкерлердi бiр құжат үшiн бiр мекемеден екiншi мекемеге сабылтып, жүгiртiп қоятын жағдайлардың кездесетiнiн және кәсiпкерлердiң құқығының жиi бұзылатынын растап отыр. Осы мәселеге қатысты кәсiпкерлер тарапынан арыз-шағымдар көп түседi екен. Көпшiлiгi өтiнiштердi қарау тәртiбiн бұзу, кәсiпкердi негiзсiз тексеру, салық салу және жер телiмдерiн бөлуге қатысты шағымданған. Айталық, өткен жылы облыстық кәсiпкерлер палатасына жер мәселесiне қатысты кәсiпкерлерден 8 шағым түскен. Бiрақ, кәсiпкерлердiң өздерiнiң тарапынан да қолданыстағы заңдылықтарды бiлмеушiлiк соңы сергелдеңге соқтыратынын айтады құзырлы орган мамандары. Бизнес құрылымдарының көбейгенi, олардың халық қажетiне жұмыс жасағаны жақсы. Әйтсе де, рұқсат берудiң де тиiстi заңнамасы бар. Оны мүлтiксiз орындау — баршаға парыз. Ендеше, кейбiреулер қажеттi құжаттарын сауатты дайындамай, содан соң түрлi орындарға шағымданып жатады. Немесе өздерi әрi-берi жүгiрiп, уақытын текке жоғалтады. Жиында кәсiпкерлер тарапынан балабақшаларға, құрылысқа, сот органдарына, мемлекеттiк сатып алуға қатысты мәселелер қозғалды. Нәтижесiнде құзырлы мемлекеттiк орган басшылары көтерiлген әр мәселе бақылауға алынатынын жеткiздi.

Шара соңында кәсiпкерлiктi жүзеге асыруда әкiмшiлiк кедергiлердi төмендету үшiн Ақмола облыстық кәсiпкерлер палатасы, облыстық мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi департаментi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ұлттық бюросының Ақмола облысы бо-йынша департаментi үш жақты келiсiмге қол қойды. Оның аясында кәсiпкерлiк қызметке кедергi келтiретiн деректердiң себебi мен жағдайларына талдау жасалмақ.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

 

Мақаланың шыққан күні: 10.04.2018
Қаралым саны: 287
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика