Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Тұғырынан таймасын тәуелсіздік!

16 желтоқсан — ҚР Тәуелсiздiгi күнi мерекесiне орай Көкшетауда көңiл сүйсiнтiп, жан жадыратқан жалаулы жаңалықтар көп болды

Халқымыздың ұлы мерекесi, ең бiр маңызы терең, қадiрi қымбат, қасиеттi мерекесi — Тәуелсiздiк күнi кең-байтақ елiмiздiң әр түкпiрiндегi сияқты Көкшетауда да шадыман шаттық үстiнде өттi. Алдымен, «Көкшетау» мәдениет сарайында бүкiл облыстан құрметтi қонақ жиылып, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң құттықтауымен салтанатты жиын өттi. Ол Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың елдiң экономикасы, тұрғындардың әл-ауқатын арттыра түсу мақсатында алға қойған мiндеттердiң, мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуы барысын, облыстың осы жылдары қол жеткiзген табыстарын жан-жақты баян еттi. Одан әрi облыс басшысы осынау толғанысты мереке үстiнде ел дамуына елеулi үлес қосып келе жатқан өңiр азаматтарына мемлекеттiк наградалар мен Алғыс хаттар табыс еттi. Жиын соңы тартымды концертпен жалғасты. Әсiресе, жұртшылықты атақты әншiлер — дәстүрлi әннiң бүгiнгi дүлдүлi Ерлан Рысқали, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаевалардың концертке қатысып, әуелете ән салуы елең еткiздi.

Бұдан бiрер апта бұрын ғана көпқабатты жаңа тұрғын үй пайдалануға берiлген болатын. Мiне, мереке қарсаңында «Юбилейный» мөлтек ауданында өңiр басшысы М.Мырзалин тұрғындарға тағы бiр 90 пәтерлiк үйдiң кiлтiн тапсырды. Жалпы, биыл облыс бойынша төрт мың, облыс орталығы бойынша 1700 пәтер берiлген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 пәтерге артық. Қарқынды жүрiп жатқан құрылыс алда мұндай қуаныштардың көбейе берерiне сендiредi.

Мереке құрметiне Бурабай баурайында шетелдiк құсбегi, саятшылардың қатысуымен «Қансонар-2018» турнирiнiң өтуi де жан сергiткен жалаулы жаңалық болды. Бұл өңiрдегi туризмдi дамытуға жол ашар, көркем Көкшенiң кереметтерiн паш етер, ұлттық салт-дәстүрдi насихаттауға ұйытқы болар игi шаралардың бiрi.

«Достық үйiнде» ҚР Тұңғыш Президентiнiң қайраткерлiгi, Астана қаласын салудағы еңбегi, тегеурiнi паш етiлетiн жаңадан түсiрiлген «Путь лидера. Астана» фильмiн тамашалау да мереке мазмұнын тереңдете түстi.

* * *

Тәуелсiздiк мерекесiне арналған шаһар жиыны «Неке сарайының» залында өттi. Салтанатты жина-

лыста Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев жиналғандарды елiмiздiң ең басты мерекесiмен құттықтап, осы жылдың табыс-

тарымен таныстырып өттi. Ол есiк ашқан жаңа мектептер, балабақшалар, ойын және спорт алаңдары, аллеялар, табыс етiлген жаңа пәтерлердi тiлге тиек еттi. Жақында ғана темiржол вокзалы маңайында Қылшақты өзенi үстiнен салынған жаяу жүргiншiлер көпiрi тұрғындар жүрiп-тұруына қолайлылық туғызды. Келер жылы М.Ғабдуллин көшесiнен Абылай хан даңғылына шығаратын автокөлiк және жаяу жүргiншiлер көпiрi пайдалануға берiлмек. Станционный кентiндегi 4 мың шаршы метр көлемiндегi баққа күрделi жөндеу жүргiзiлдi.

–Жалпы, тұрғындардың денсаулығы, қолайлы тұрмысы үшiн алға қарай да қаланы көгалдандыру, спорт және ойын алаңдарын, скверлер мен аллеялар салу жұмыстары жалғасын тап-

пақ, — дедi өз сөзiнде Е.Мар-жықпаев. Одан әрi қала басшысы облыс орталығының дамуына белсендi үлес қосып келе жатқан бiрқатар жұмысшы-қызметкерлерге, қала тұрғындарына мемлекеттiк наградалар мен Алғыс хаттар табыс еттi. Салтанатты жиналыстың соңы тартымды концертке ұласты.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2018
Қаралым саны: 141

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?