Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Әлеумет әлеуеті – ел дамуының басты бағдары

Көкшетаудағы Қоғамдық келiсiм үйiнде өткен облыстық партия активiнiң отырысында «Нұр Отан» партиясының XVIII съезiнде Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев партия съезiнде әлеуметтiк саясатты жүзеге асыру бағытында халықтың әлеуметтiк аз қорғалған бөлiгiнiң табысын көтеру және қолдау, табысы аз азаматтардың баспана мәселесiн шешу мiндетiн қойғаны белгiлi. Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн өңiрде ауқымды iстердiң күтiп тұрғанын және биiк жауапкершiлiк болуы керектiгiн атап өттi: — Мемлекет басшысы айқындап берген жаңа бас-

тамалар — партия жұмысының негiзгi басымдықтары. Елбасы тапсырмасымен биылғы жылдың 1 шiлдесiнен облыстағы 32 мың бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақысы 30 пайызға артатын болады. Бұл мақсатқа 2019-2021 жылдары қосымша 980 млрд теңге бөлiнетiн болады. Аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасыларды қолдау басты назарда. Қазiргi уақытта өңiрде 2700 аз қамтылған отбасылар мемлекеттен атаулы әлеуметтiк көмек алады. Нормативтiк-құқықтық актiге өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн олардың саны 1 мыңға артады. Әлеуметтiк көмекке мұқтаж көпбалалы отбасылардың саны екi есеге көбейiп, 1430-ды құрайтын болады. Мемлекет басшысы мұқтаж жандарға жергiлiктi бюджет есебiнен көмек көрсетудi тапсырды. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап облыста көпбалалы аналарды қолдау үшiн 700 млн теңге бөлiнедi, — дедi әкiм.

Облыста 13 мың оқушы тегiн ыстық тамақпен және мектеп формасы, оқулықтар, кеңсе тауарларымен қамтылған. Ыстық тамаққа қосымша 213 млн теңге бөлiну көзделiп отыр. Аудан орталықтары мен қалаларда 6900 ана мен бала қоғамдық көлiкте тегiн жүретiн болады. Кiрiсi күнкөрiс деңгейiнен төмен 1150 отбасыға бiрреттiк көмек тағайындау мақсатында қосымша 44 млн теңге бөлiнедi. Әлеуметтiк көмек құны отбасының кiрiсiне қарай 30-50 мың теңге аралығында. 2 мың отбасыға улы газдан қорғайтын автоматты құрылғылар орнатылатын болады.

Мемлекет басшысы көпбалалы және толық емес отбасылар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған, кiрiсi төмен жандарды баспанамен қамтуды тапсырғаны белгiлi. Облыста 22 мыңнан аса отбасы тұрғын үй кезегiнде тұр. Олардың 9 мыңы аз қамтылған, 809-ы көпбалалы отбасылар. Биыл өңiрде «Нұрлы жер» бағдарламасымен 20 арендалық және 12 кредиттiк үйлер бой көтермекшi.

Облыс орталығында құрылған арнайы жұмыс тобы тұрмысы төмен 300-ге жуық отбасылардың жағдайымен танысты. «Қоғамдық қабылдаулар барысында 59 адам жұмысқа орналастырылып, 28 отбасы мекенжайлық тiркеуге қойылды. 78 көпбалалы отбасыларға азық-түлiк, отын-көмiр, киiм-кешекпен көмек берiлдi. Бүгiнгi күнi Көкшетауда тұрып жатқан 899 көпбалалы отбасыларда 4 мыңға жуық бала тiркелген. Өткен жылы 96 көпбалалы отбасыларға 17,5 млн теңгенiң әлеуметтiк көмегi көрсетiлдi. 1200 оқушы тегiн тамақпен қамтылып, лагерьлерге жолдама берiлдi», — дедi Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев өз баяндамасында.

Қалада 10236 адам тұрғын үй кезегiнде тұр. Оның 4657-сi аз қамтылған, 318-i көпбалалы отбасылар. Қазiргi күнi көпшiлiктi баспана, мемлекеттен бөлiнетiн жәрдемақы мен атаулы әлеуметтiк көмектiң көбеюi, қоғамдық көлiктегi жолақы жайы алаңдатып отыр. «Отбасындағы кiрiс күнкөрiс деңгейiнiң 70 пайызына жеткiзiлуi тиiс. Айталық, Астрахан селосындағы Юсуповтар отбасында сегiз адам тұрады, оның алтауы балалар. Бүгiнгi күнi олар алты айға 201840 теңгенiң атаулы әлеуметтiк көмегiн алып отыр. 1 шiлдеден бастап заңнамаға өзгертулер енгiзiлгеннен кейiн бұл отбасы алты айда 932916 теңгеге қол жеткiзетiн болады», — деп түсiндiрдi облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы жетекшiсiнiң орынбасары Шолпан Рахматуллина.

Өңiр басшысы Саяси кеңестiң кеңейтiлген отырысында айтылған мәселелердi, әсiресе, оның iшiнде әлеуметтiк қолдауларды, көпбалалы отбасыларына жасалатын мемлекеттiк жеңiлдiктердi, ол үшiн қағазбастылықтың қысқарғанын жергiлiктi жерлерде әр тұрғынға жеткiзу қажеттiгiн тапсырды. Бұл орайда ауыл әкiмдерiнiң де жауапкершiлiгi үлкен екенiн ескерттi.

Отырыста сөз алғандар облыс аумағындағы жолдар мен инфрақұрылымдарды дамыту, бiлiм беру жүйесiн жаңғырту, баспанамен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, жеңiл өнеркәсiптi дамыту, өмiр сапасын жақсартуға бағытталған өңiрлiк саясатты жүзеге асыру сияқты мәселелердi ортаға салды.

Мақаланың шыққан күні: 11.03.2019
Қаралым саны: 256

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?