Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Татулықтың түп қазығы

Көкшетаудағы «Достық» үйiнде «Қоғамдық келiсiм мен бiрлiк — қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жолы» тақырыбымен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының XXI сессиясы өттi. Оның жұмысына өңiр басшысы, этномәдени бiрлестiк өкiлдерi, қоғамдық ұйым мүшелерi қатысты. Сессия барысында елiмiздегi бiрлiк пен ынтымақтастықтың негiзiн қалап, түрлi ұлттар мен ұлыстардың басын қосып отырған ұйымның маңызы жайлы әңгiме өрбiп, өңiрдiң дамуына үлес қосып, еңбегiмен еленген жандар марапатталды.

Сессия жұмысын ашып жүргiзген Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының төрағасы, облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин жиналғандарды Президент күнiмен құттықтап, табыс тiледi. Бүгiнгi таңда өңiрде жүзден астам түрлi ұлттың өкiлi тұрады. 53 этномәдени бiрлестiктер, 260 қоғамдық ұйымдар бар. 43 кәсiби медиаторлар ұлтаралық келiсiм шараларының тұрақты жүргiзiлуiне ықпал етiп келедi. Биыл ақмолалық диқандар 5,6 миллион тонна астықты қамбаға құйды. 427 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi. Астана қаласы түбiндегi 20 елдi мекенге көгiлдiр отын тартудың алғышарттары жасалуда. Биыл 60 спорт құрылымы пайдалануға берiлдi. Жаңа кешендердiң ашылуымен 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 16 мыңға жуық ақмолалық бiлiмiн жетiлдiрдi. Бүгiнде «Достық» үйiнде мемлекеттiк тiлден бөлек 8 тiл оқытылады. Өзге өңiрлерге үлгi болып отырған «Аналар кеңесiнiң» жұмысы оң бағаланып келедi. Қыз бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлетiн кеңестiң аудандарда филиалдары ашылып жатыр. Осындай жетiстiктердi ортаға салған өңiр басшысы алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады дедi.

Сессия жұмысы марапаттау рәсiмiне ұласты. Бұл күнi қарапайым аспаздан бастап, жеке кәсiп иесiне дейiн барлығы 8 адам «Астанаға 20 жыл» мерекелiк медалiн омырауына тақты. Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасына, Алғыс хатына ұлтаралық татулық пен бiрлiктi насихаттап, өзiнiң iсiмен өзгелерге үлгi болып жүрген жандар ие болды. Ассамблеяның «Жомарт жан» төсбелгiсi Есiл ауданындағы «Заречный» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры Уәлихан Әрiповке берiлдi. Кәсiпкер өзiнiң туған ауылын көркейтiп қана қоймай, қайырымдылық жасаумен де айналысады.

Жарыссөзге шыққан түрлi сала мамандары, этномәдени бiрлестiк өкiлдерi, жастар Елбасының ұстанып отырған саясатын қолдайтынын айтты. Ал, түрлi ұлт өкiлiнiң бiр шаңырақ астында тату-тәттi ғұмыр кешiп, елiмiздiң өркендеуiне сүбелi үлесiн қосып, бейбiтшiлiктiң туын жоғары көтеруiне ықпал етiп отырған Ассамблея сияқты ұйымның маңызы зор екенiне тоқталды.

Г. БӘЙIШЕВА.

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2018
Қаралым саны: 204

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?