Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 374.2
EUR | KZT 420.34
RUB | KZT 5.52
Көкшетау қ.
-10 °C
2018 ж. қарашаның 14
Маңызды нысандар тұрақты бақылауда

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Красный Яр селосындағы құрылыс нысандарында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Қала басшысы алдымен Красный Яр мен Чайкино поселкесiн байланыстыратын көпiрде жүргiзiлетiн құрылыс жұмыстарының барысын талқылады. Мердiгер ұйым өкiлдерiнiң айтуына қарағанда, құрылыс жұмыстары қараша айының соңында аяқталмақ. Өз кезегiнде мердiгерлерге жұмыс сапасын бақылауда ұстау тапсырылды. Бұдан соң сала басшылары селодағы электрмен жабдықтау желiсi құрылысының барысымен танысты. Электр бағандарын орнату жұмыстарымен «Көкше электр монтаж» ЖШС айналысуда. Қазiргi уақытта 300 электр бағаны орнатылған. Жарықтандыру жұмыстары биылғы жылдың желтоқсанына дейiн толық аяқталмақ. Мердiгер ұйым өкiлдерiне бөлiнген қаражатты тиiмдi пайдаланып, жұмысты мерзiмiнен кешiктiрмеу тапсырылды.

Қала басшысы атбасын бұрған Красный Яр селосындағы жел электр станциясын «Ветер Инвест Кокшетау» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi салуда. Бұл жұмыстар көктемде аяқталмақ. Жаңа жоба селоны толықтай электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы екенiн айтады мамандар. Тағы бiр маңызды жоба — Красный Ярда «Жобалау құрылыс компаниясы» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқысты сұрыптау желiсiн iске қосуда. Алдағы уақытта күнiне 80 тонна қоқыс өңделедi деп күтiлуде. Қала әкiмi Е.Маржықпаев Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң жанындағы сквердi абаттандыру жұмысымен танысты. Бiрқатар кемшiлiктердi сынға алып, нақты тапсырмалар бердi. Сапар соңында қала басшысы Ғабдуллин, МПС көшелерiндегi екi көпiрдi барып көрдi. Алғашқы ауқымды жоба құрылысы келер жылы, екiншiсi биыл қараша айының соңында аяқталады деп күтiлуде. Жұмыс сапарын қорытындылаған қала әкiмi әрбiр нысан ұдайы бақылауда болатынын, құрылыс жұмыстары белгiленген мерзiмде тапсырылуы тиiс екенiн мiндеттедi.

«Көкше-ақпарат».

 

Мақаланың шыққан күні: 08.11.2018
Қаралым саны: 56
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?