Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Құрылыс жұмыстары қарқын алып, жолдарды жөндеуге жете көңіл бөлінсін

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев 12 мамырда құрылыс алаңдары мен жол жөндеу, аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Әсiресе, жоспарланған құрылыс нысандарын уақытылы пайдалануға беруге, тұрғын үй аулаларында ойын алаңдарын күтiп-ұстауға, тазалық сақтауға ерекше назар аударды.

Көгiлдiр Көкшетау биыл да көркем ғимараттармен толыға түспек. Солардың қатарында заманауи Неке сарайы да бар. Осындағы құрылыс жұмыстарымен танысқан қала әкiмi Е.Маржықпаев көл маңындағы

аумақты абаттандырып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды. Бұдан соң қала басшысы «Центральный» мөлтек ауданы, 44 мекенжайындағы күрделi жөндеу жүргiзiлiп жатқан үй аулаларын барып көрдi. Биыл мұнда асфальт жабындылары жаңартылып, ағаш егiлiп, көгалдандыру шаралары жүзеге асырылады. Қазiр жиектас орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүргiзiлуде. Аула тазалығы мен қауiпсiздiгiн тұрғындардың өздерi қамтамасыз етулерi керек. «Монолит» пәтер иелерi кооперативiнiң төрағасы Иван Роговский жасалған дүниелердi бүлдiретiн бұзақыларға, үйден шыққан қоқысты арнайы контейнерге төгуге ерiнетiн тұрғындарға тиiстi шара қолданылса деген өтiнiшiн бiлдiрдi. Сапар барысында қала басшысы Капцевич көшесi бо-

йындағы көпiрге жүргiзiлген жөндеу жұмыстарын барып көрдi. Көпiрдiң су шайып кеткен бөлiгi қалпына келтiрiлiп, асфальты жаңартылған. Сондай-ақ, Полевой көшесiндегi асфальт жабындысын, жолдың жай-күйiн, ғимараттардың қасбеттерi мен жаяу жүргiншi жолдарын, жарық беру бағандарын, жүргiншi өтпелерiн тексердi.

Қала әкiмi №18 орта мектептiң 420 орындық қосымша ғимараты құрылысының барысымен таныс-

ты. Құрылысшылармен кездесiп, мәселенiң мән-жайына қанықты. Қажеттi материалдар уақытылы жеткiзiлiп отырғандықтан, құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Ермек Боранбайұлы өз сөзiнде бұл құрылысты маңызды деп атап өтiп, уақыты мен сапасына назар аударуды шегелеп тапсырды. Мектеп ғимаратын сапалы әрi дер кезiнде аяқтау қажеттiгiн құрылыс басшыларына қадап айтқан қала әкiмi

Е.Маржықпаев мемлекет тарапынан құрылыс салуға бөлiнген қаржыны мақсатты тұрғыда тиiмдi пайдалану қажеттiгiн де ескерттi. Мердiгерлерге жұмыс барысын тездетiп, ғимарат ауласы мен маңайын көрiктендiру жөнiнде тапсырма жүктедi. Сонымен қатар Саин көшесi, 26 мекенжайындағы аула арасындағы жолдар да назардан тыс қалмады. Жауапты сала басшыларына қарата айтқан сөзiнде әкiм барлық қоғамдық нысандардың жағдайының дұрыс болуын күн сайын қадағалап отыру керектiгiн талап еттi. «Бүгiн жүзеге асырылып жатқан бiрқатар жобаны көрiп шықтым. Үй аулалары толығымен асфальтталады. Аулаға шлагбаум қойып, көлiктердiң кiруiне және тұруына тиым салу үшiн пәтер иелерi кооперативi арқылы тұрғындармен келiсiм жасаудамыз. Аулаларға балалар және спорт алаңдарын саламыз, шағын саябақтар жасаймыз», — дедi әкiм.

Қала басшысы биыл спорт алаңын ашу көзделiп отырған «Юбилейный» мөлтек ауданы №42 үй ауданындағы аулаларын аралай жүрiп жергiлiктi тұрғындармен, басқа да мүдделi адамдармен кездесiп, мәселенiң мән-жайына қаныға түстi. Мұндағы жол асфальтталып, ескi гараждар алынып, жарықтандыру жүргiзiледi. Тұрғындарға өз аулаларына ұқыпты қарау жөнiндегi өтiнiш-тiлегiн бiлдiрiп, оның дұрыс күтiп ұсталуына бақылауды күшейтуге орай тиiстi қызмет өкiлдерiне шұғыл тапсырмалар бердi. Қаланың әрбiр қуыс-қалтарысының барлығын тазалап шығу мүмкiн емес. Егер әрбiр тұрғын қалаға деген ыстық ықыласын өздерi тұратын аулаларын күл-қоқыстан тазарту арқылы көрсететiн болса, бұл да бiр үлгiлi iстiң көрiнiсi емес пе! Рас, көрiктi қалада айналасы гүлзар-баққа оранып, бұтасы мен ағашы жайқалған аулалар жоқ емес, бар. Бiрақ, олар көп емес. Мәселен, «Қарлығаш» балабақшасының ауласындағы ойын алаңын көпке үлгi етуге болады. Айналасы мұнтаздай таза. Балалар ойнайтын әткеншек пен демалып отыруға арналған орындықтар өз алдына үйлесiм тапқан. Қоршаулары сырланып, ағаштары әктелген.

Қала әкiмi «Боровской» мөлтек ауданындағы алпыс көппәтерлiк арендалық-коммуналдық тұрғын үй құрылысына қатысты сын айтты. Өткен жылдың желтоқсан айында тапсырылуы тиiс бұл нысан межелi мерзiмнен кешiгуде. Құрылысшылар жұмысты белгiленген мерзiмде орындамай отыр. Сол себептi шаһар басшысы бас мердiгер «Электросетьстрой» серiктестiгiнiң жұмысын сынға алды. Алдағы аптада жұмыс барысын тағы бiр бақылайтынын ескерттi, құрылысшыларға белсендi жұмыс жүргiзудi тапсырды. Бұдан соң қала басшысы «Регион Строй» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң былтыр қолға алған 90 пәтерлiк 9 қабатты панельдi тұрғын үй құрылысы алаңында болды. Қазiр бұл нысанда әрлеу жұмыстары аяқталып қалған. Құрылыс жобасының құны 750 миллион теңгенi құрап отыр. Жобаға сәйкес көпқабатты тұрғын үйде 18 үш бөлмелi, 36 екi бөлмелi және осыншалықты бiр бөлмелi пәтерлер болады. Iшкi бөлмелердiң аумағы кең. Құрылыс нысаны фин технологиясымен салынды. Үй құрылысына энергия үнемдеу технологиясы қолданылды. Кəсiпорын басшысы Александр Дворцевойдың айтуынша, алдағы уақытта қалада бiрнеше панельдi тұрғын үйлер тұрғызу жоспарланған. Оның алғашқысы пилоттық жоба ретiнде «Юбилейный» мөлтек ауданында салынуда. Нысанды жақын арада пайдалануға беру көзделiп отыр. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзiмен көрiп шыққан қала басшысы ғимараттың сапасын жоғары бағалады. Сыртқы келбетi көзтартарлық жаңа тұрғын үй қала тұрғындарына керемет тарту болады деген сенiмдемiз.

Бұл күнi қала әкiмi Е.Маржықпаев Шевченко, Қуанышев көшелерiндегi жол жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты. Биылғы қыста ылғалдың көп түсуiнен қала көшелерiндегi асфальттардың көтерiлiп, ой-шұңқырдың көбеюi автокөлiк жүргiзушiлерiне қолайсыздық тудыруда. Сондықтан қазiр көбiнесе осы ойлы шұңқыры көп жолдарды тегiстеу жұмыстары жүргiзiлуде. Е.Маржықпаев сала басшыларына қаладағы көшелердi қайта қалпына келтiру жұмыстарының барынша сапалы жүргiзiлуiн және белгiленген мерзiмiнде аяқтауды тапсырды.

Әсем ҰЛАНҚЫЗЫ.

Мақаланың шыққан күні: 13.05.2017
Қаралым саны: 217
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро