Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Спорттағы ел мерейін өсіргендер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан

Назарбаевтың жүргiзiп отырған сындарлы саясатының нәтижесiнде бiздiң өңiрде де дене тәрбиесi мен спортты дамыту, салауатты өмiр салтын насихаттау жақсы жолға қойылған. Соның нәтижесiнде соңғы екi жылда ғана спорттық нысандар саны 100-ге ұлғайды. Ал, спортшыларымыздың қолжеткен жетiстiктерiне келетiн болсақ, биылдың өзiнде рес-

публика, облыстық деңгейде өткен жауапты сайыстарда 500-дей медальды еншiледi.

24-26 тамызда Жарқайың ауданында өткен «Ақбидай» жазғы ХХХ спартакиадасына 16 аудан мен 2 қаладан бiр мыңнан астам спортшылар қатысып, спорттың 7 түрiнен сынға түстi. Негiзгi бәсекелер Державинск қаласындағы жаңадан салынған стадионда өттi. Бұл арада айта кетерлiк бiр жайт, аудан басшылығы аталған шараның маңыздылығын ескере отырып, бұл нысанды бар-жоғы бiр жарым айдың iшiнде жаңадан салып шықты. Оған облыстық бюджеттен 100 миллион теңгедей қаржы бөлiндi. Сонымен үш күнге созылған сайыс нәтижесiнде 16 аудан, 2 қаладан келген спортшылар футбол, волейбол, жеңiл атлетика, шахмат, дойбы, стол теннисi, отбасылық са-

йыстардан сынға түстi. Мықтылар бас қосқан ақтық жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Көкшетау қаласы мен Жарқайың ауданы жеңiмпаз деп танылды. Жерлестерiмiздiң осы спартакиадада қолжеткен жетiстiктерiн саралайтын болсақ, олар спорттық туризм, шахмат, дойбы, футбол және жеңiл атлетикадан бiрiншi орын, ерлерiмiз бен әйелдерiмiз волейболдан екiншi орын, әйелдер баскетболдан үшiншi орынды иеленiп, үлкен мерейге бөлендi. Спорттың әр түрi бойынша жеңiмпаз атанған танымал спортшылар алдағы айда Ақтөбе қаласында өтетiн республикалық спартакиадада облыс намысын қорғайтын болады.

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2017
Қаралым саны: 497

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?