Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының кезекті отырысы болып өтті

Бүгін облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалы Саяси кеңесі бюросының кезекті отырысы болып өтті.

Отырыста партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржановтың «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы» баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар, отырыста «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымы, су және жылу желісін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту» бағыты бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін ұлттық қордан бөлінген бюджет қаржысын тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылаумен айналысатын «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының депутаттық фракциясы комиссиясының жұмысы қаралды. «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жиынының қаулысына сәйкес, облыстық мәслихатта 5 депутаттық комиссия жұмыс істейді. Ағымдағы жылы ұлттық қордан қаражат түсуіне байланысты 3 комиссия жұмысына кірісті. Аталған комиссияның жұмысы туралы облыстық мәслихаттың депутаты Берік Ақылбеков таратып айтып берді. Оның айтуына қарағанда, 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 60 миллиард теңге қаржы бөлініп, толық игерілген.

Отырысты қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Мәлік Мырзалин әріптестеріне сыбайлас жемқорлықпен күреске мемлекеттік органдарды ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен қарапайым халықты да белсенді тартуға шақырды. Жемқорлықпен күресте партия жұмысының статистикалық көрсеткіштерге ғана емес, нақты іске бағытталуын атап өтті. Сондай-ақ, алдағы міндеттер межесі белгіленді.

Мақаланың шыққан күні: 19.05.2017
Қаралым саны: 871
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро