Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
«Тамыры терең тұғырлы тіл»

Қазақстан Республикасы халқының Тiлдерi күнi мерекесiне орайластырылған онкүндiктiң тақырыбы осылай аталды. Онкүндiк мақсаты тiлдердi насихаттау, қорғау, оның қолдану аясын кеңейту, мемлекеттiк тiлге деген құрмет пен сүйiспеншiлiктi арттыру. Елiмiзде тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру, ҚР Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығымен бекiтiлген iс-шаралардың 37-шi тармағын iске асыруға арналған шараның ашылу салтанаты облыс орталығындағы Тутұғыр алдында, салтанатты түрде өттi.

Тiл мерекесiне арналған онкүндiктiң ашылу салтанатына қала тұрғындары мен қонақтары, қоғам қайраткерлерi, оқу орындарының студенттерi қатысты. Қазақстанның Көк байрағы желбiреген қастерлi орында алдымен елiмiздiң Әнұраны орындалып, құттықтау сөздер сөйленiп, патриоттық әндер шырқалды. Онкүндiк шараларына тiл орталықтары, мәдениет үйлерi, бiлiм мекемелерi атсалысып, дөңгелек үстелдер, байқаулар, сайыстар, ток шоулар мен ашық сабақтар, кездесулер мен конференцияларда бақ сынаспақ. — Ата Заңымыз елiмiздiң барлық тұрғындарына өз ана тiлдерiн дамытуға толық мүмкiндiк туғызып отыр. Ал, мемлекеттiк тiлдi дамыту бiздiң баршамыздың мiндетiмiз. Сондықтан, онкүндiк аясында мемлекеттiк тiлдi насихаттап, қолдану аясын кеңейте түсу мәселесiн кеңiнен көтеретiн боламыз, — дедi өз сөзiнде облыстық «Қазақ тiлi және мәдениетi» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Мейрамбек Қиықов.

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2017
Қаралым саны: 272
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро