Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Соғылды алғашқы қоңырау

Қыркүйектiң 2-сi күнi облыстың барлық мектептерiнде жаңа оқу жылы басталды. Көкшетау қаласының бiлiм ошақтарында да бұл күнi алғашқы қоңырау сыңғыры естiлдi. №13 экология-

лық мектеп-гимназиясының ұжымы салтанатты шараға ерекше дайындалды. Бiлiм ошағының ауласы безендiрiлiп, iшi-сыртына жөндеу жасалып, сынып бөлмелерi жаңартылды. Оқушыларды жаңа оқу жылымен қала әкiмi Ермек Маржықпаев арнайы құттықтай келдi. Ұстаздарға тың iзденiстер, жаңашылдықта табыстар тiледi. Ал, балаларға сабағын жақсы оқып, ата-анасының атына кiр келтiрмеу — басты мiндет.

Алтын ұя мектебiң — екiншi үйiң. Осында алғаш жүрексiне кiрген балақан есейiп, ақыл толықтырып, ересек өмiрге қадам басады. Өзiне айнымас достар тауып, балалық шағы мен есею кезеңдерiн басынан бiрге өткiзедi. Бiрнеше жыл бiрге оқып, кейiн қимай қоштасады. Ал, сыныптан сыныпқа көшкен сайын бiр-бiрiне деген бауырмалдық қалыптасады. Мiне, үш ай бойы тынығып, күш жинап, жаздың әр күнiн қызықты өткiзген балалар алғашқы қоңырау соғылатын күндi асыға күттi. Әсiресе, бiрiншi сыныпқа баратын балақай үшiн бұл ерекше сәт. Бұған дейiн балабақша тәрбиесiн көрген олар ендi партаға отырып, түрлi пәндер бойынша бiлiмiн тереңдетедi. Мектепте оқудың жауапкершiлiгiн сезiне бастайды.

Биыл қаладағы 24 мектепте 22 мыңнан астам бала бiлiм алатын болады. Оның 2800-i бiрiншi сынып табалдырығын аттады. Қоңырау үнi сыңғыр-лап, жүрегi лүпiл қаққан оқушылар сыныптарына өтiп, алғашқы сабақ Отанына деген адалдық, сү-

йiспеншiлiк, Елбасының алға қойған мiндеттерi үдесiнен шығу тақырыбына арналды. Көкшетау қаласындағы №13 экологиялық мектеп-гимназиясының табалдырығын аттап, бiрiншi сынып партасына отыратын балдырғандар ертемен бiлiм ошағына ата-анасымен асыға жеттi. Ақ бантик тағынған қыздар, галстук салып, салмақтана түскен ұлдар алғашқы ұстазын көруге ынтық. Бiрi әжесiнiң, бiрi атасының еркесi. Мектеп деген алып кемеге мiнуге жүрексiнгендерi ата-анасының құшағынан шыға алар емес. Ал, ендi бiрi жүгiрiп барып, мұғалiмiне гүл шоқтарын ұсынып та жатыр. №13 экологиялық мектеп-гимназиясының ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтаған қала әкiмi Ермек Маржықпаев бiздiң ел бiлiм алудың жаңа сатысына қадам басқанын, мектептердiң материалдық базасы нығайғанын, бiлiктi мұғалiмдер қатары өсе түскенiн атап өттi. Аталған бiлiм ошағындағы өз iсiнiң шеберлерiнiң есiмiн ерекшеледi. Жаңа оқу жылында ұстаздар мен оқушыларға тек табыс-

тар тiледi. Салтанатты шара концерттiк бағдарламамен жалғасын тауып, төменгi сынып оқушыларына арналған қызықты ойын ойналды. Қоңырау үнi сыңғырлап, оқушылар сағына қауышқан достарымен сыныптарына қадам басты.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Мақаланың шыққан күні: 05.09.2017
Қаралым саны: 279
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро