Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Қызметкерлер құқығы қорғалады

Қала әкiмiнiң орынбасары Алтынай Әмiренованың жетекшiлiгiмен әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының кезектi отырысы өттi. Онда күн тәртiбiнде зейнетақы аударымдарын, әлеуметтiк төлемдердi уақытында төлеу, еңбек қатынастарын заңдастыру, еңбек келiсiмiн жасау, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорының жұмысы тұрды. Отырыс соңында әкiмшiлiк, кәсiподақтар бiрлестiктерi және жұмыс берушiлер одағы арасында келiсiмге қол қойылды.

Бүгiнгi күнi Көкшетау қаласын-дағы бiрқатар кәсiпорындардың өз қызметкерлерi алдында көлемi 500 мыңнан асатын жалақы қарызы бар. Олардың қатарында «Дизель астық», «Казэлеватормельмонтаж», «Госсервис Көкшетау», «Көкше-Қамқор», «Механизатор», «Акцепт Терминал», «Көкшетау Жылу», «Көкшетау нан зауыты» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерi тiркелген. Сондай-ақ, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтiк төлемдердi де уақытында жасамайтын ұйымдар бар. Банкрот деп жарияланған кей кәсiпорындардың қарызы кiрiстер департаментiнiң базасынан әлi күнге дейiн өшiрiлмеген. Құрылыспен айналысып, кейiн тоқырауға ұшыраған «Казэлеватормельмонтаж» акционерлiк қоғамының қазiргi жетекшiсiнiң айтуынша, қызметкерлердiң ғана құқығы қорғалып, жұмыс берушiлер назарға алынбайды. Жалпы алғанда, мәселенiң ең өзектiсi — жұмыс берушiлер мен жұмысқа тұрушылардың арасында келiсiмнiң болмауы. Осының салдарынан жалақысын ала алмағандар сотта ештеңе дәлелдей алмайды. Өйткенi, қолдарында тиiстi құжаты жоқ. Кейде жұмысқа уақытша қабылданғандар өзi жайлы деректердiң жарияланбауына мүдделi болады. Себебi, мойындарында банктiк несиелерi бар. Отырыста мемлекеттiк еңбек инспекциясының басшысы, кәсiподақтар бiрлестiгiнiң өкiлдерi сөз алып, көкейтестi мәселелер жайлы әңгiме қозғады.

«Көкше-ақпарат». 

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2018
Қаралым саны: 285
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика