Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 411.54
EUR | KZT 458.13
RUB | KZT 5.84
Көкшетау қ.
?
?
2020 ж. мамырдың 30
Сақтық шаралары жалғасады

Пандемияның қайта өршу қаупi азаматтардың сақтық шараларын сақтауына тiкелей байланысты. Ақмола облысының бас санитарлық дәрiгерi Айнагүл Мусина осылай деп отыр. Ел аумағында төтенше жағдай режимi тоқтатылғанымен, карантиндiк сақтық шаралары толық атқарылуы тиiс. Арнайы брифинг барысында өңiрдегi қоғамдық көлiк қозғалысы, сауда орындарының, қызмет көрсету нысандарының, балабақшалар мен өзге де нысандардың жұмыс кестесi мәлiм болды.

Қазiргi таңда 20 мыңнан астам ақмолалық коронавирус-ты анықтауға тест тапсырған. Зерттеу қорытындысы бо-йынша 110 азаматтың ауруға шалдыққаны расталды. Оның 96-сы Целиноград ауданында тiркелген. Өткен аптада облыс бойынша вирустың таралу деңгейi 1,3 пайызды құраған. Жалпы, бұл көрсеткiш 3 пайыздан төмен деңгейде сақталып отыр. Бұл Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенiн айғақтайды. «Вирустың түбегейлi жойылмауы салдарынан бұл талаптар сақталып отыр. Әлi де ауру жұқтыру деректерi тiркелуде. Бұл талаптарды сақтау күнделiктi өмiр тәртiбiне енуi тиiс. Егер сақтық шаралары тиiстi деңгейде болмаса, аурудың өршу қаупi бар. Жалпы, вирустық аурулардың мерзiмдiк сипатқа ие екенi белгiлi. Сондықтан, күз айларында коронавирустың өршу қаупi бар», — дейдi облыстың бас санитар дәрiгерi Айнагүл Мусина.

Өңiрде 70 блокбекет қызметiн жалғастырады. Елдi мекендерге келiп-кетушi тұрғындар «Қолдау», «Сергек» жүйелерiнiң көмегiмен рұқсат құжаттарын алуы тиiс. Төтенше жағдай режимi тоқтатылғанымен, карантин шаралары сақталады. Яғни, тұрғындар санитарлық талаптарды толық сақтауы тиiс. «Мамандардың болжамы бойынша Қазақстанда вирустың таралуының жоғары шегi әлi толық өткен жоқ. Бiрқатар өңiрлерде ауру таралуы әлi де өршiп тұр. Жағдайдың бақылаудан шығып кетуi мүмкiн. Аурудың өршуi орын алған жағдайда облыстың медицина мекемелерiнде қажеттi құрал-жабдықтар жеткiлiктi», — дейдi облыс әкiмiнiң орынбасары Айна Мысырәлiмова.

Жуық арада балабақ-шалар ашылады деп күтiлуде. Мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнде дезинфекциялау шаралары мен карантин талаптары толық орындалады. Топтағы бүлдiршiндер саны да 15-тен аспауы тиiс. Бұдан былай, аумағы 2 мың шаршы метрге дейiнгi сауда орындары кешкi сағат алтыға дейiн жұмыс iстейдi. Спорт және мәдениет нысандары, халыққа қызмет көрсету орталықтары да қызметiн жандандырады. Қоғамдық орындарда 2 метрлiк әлеуметтiк арақашықтық сақталуы тиiс.

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2020
Қаралым саны: 51

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус