Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Сайлауалды штаб жұмысқа кірісті

ҚР Президенттiгiне үмiткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облыстық қоғамдық штабы жанынан азаматтарды қабылдау бөлмесi жұмысын бастады.

ҚР Президенттiгiне үмiткер кандидат Қ.Тоқаевтың қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғындарын облыстық штаб төрағасы Ғалым Бекмағамбетов қабылдап, әр мәселе бойынша қойылған сұраққа нақты жауап бердi.

Облыс бойынша кандидаттың қоғамдық қабылдауына 50-ден астам тұрғындар келсе, олардың басым көпшiлiгi тұрғын үй алу, үй кезегiне тұру, жол жөндеу мәселелерiмен келгендер. Айталық, жалғызбасты ана Гүлмира Күзбаева баспана мәселесiн алға тартты. Оның мұң-мұқтажын тыңдаған партия өкiлдерi аталмыш мәселенi бей-жай қалдырмайтындығына уәде еттi. Яғни, алғашқы жарна 10 пайыз, сонымен қатар 2 пайыздық үстемемен жақын арада пәтер алуға қолдау бiлдiретiндiктерiн жеткiздi. — Қоғамдық қабылдауға

келген жандардың мәселелерi мiндеттi түрде қара-латын болады. Қос баланы тәрбиелеп отырған ананың өтiнiшiн де ескеремiз. Әр бағыт бойынша баспана мәселесiн шешуге тырысамыз. Ол алғашқы жарна 10 пайыздық жеңiлдiкпен 20 жылға дейiн қарастыру. Әрине, бұл мәселе бойынша жұмыс жасап, жақын арада хабарын беремiз, — дейдi «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.

Өңiрде ҚР Прези-денттiгiне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына ұсыныстар мен тың идеялар жинау үшiн «BIRGE» жалпыұлттық акциясы өз жұмысын бастады. Акция аясында елiмiздiң әр азаматы жергiлiктi жердегi қоғамдық штабтарға келiп өз пiкiрлерiн бiлдiрiп, дамудың жаңа кезеңiнде Қазақстанның алдында тұрған басым бағыттарды айқындауға тiкелей қатыса алады.

Мақаланың шыққан күні: 16.05.2019
Қаралым саны: 105

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?