Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.83
EUR | KZT 430.99
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
18 °C
2019 ж. маусымның 26
Көк байрағым желбіресін мәңгілік!

өттi. Жиналғандар алдында сөйлеген сөзiнде облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Қазақстанның Мемлекет-тiк рәмiздерi Отанға, ел тарихы мен мемлекеттiк тiлге, мәдениет пен дәстүрге деген шынайы сүйiспеншiлiктiң көрiнiсi екенiн атап өттi. «Осы жылдар iшiнде мемлекеттiк символдар Қазақстанның айрықша бiр брендiне, саяси, әлеуметтiк-экономикалық табыстарымыздың айғағына айналды. Бүгiнгi таңда Отанымыз дамудың жаңа кезеңiне қадам басты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялай отырып, елiмiздiң жаңа бейнесiн қалыптастыруда ең алдымен қазақстандық жастарға айрықша үмiт артады. Мемлекеттiк рәмiздердi қастер тұту және оған құрметпен қарау — әр азаматтың қасиеттi борышы мен мiндетi. Баршаңызға Отанымыз — тәуелсiз Қазақстанның игiлiгi жолындағы еңбектерiңiзге табыс тiлеймiн!» — дедi өңiр басшысы.

Салтанатты шара барысында Әнұранымызды шырқатып, елiмiздiң туын көктен түсiрмей жүрген әр сала үздiктерi мен оқуда озат студент жастарға Ақмола облысы әкiмiнiң Алғыс хаттары тапсырылды.

Мемлекеттiк рәмiздер күнiне орай облыс орталығының басты көшелерiнде Мемлекеттiк Туымызды желбiреткен автошеру ұйымдастырылды. Шеруге қатысушылар Тәуелсiздiк алаңынан бастап, Абай көшесiнiң бойымен «Ту тұғырға» дейiн Мемлекеттiк туды желбiретiп жүрiп өттi.

Мақаланың шыққан күні: 07.06.2019
Қаралым саны: 100

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?

Сіздің жасыңыз?