Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
9 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Қымбатты әйелдер қауымы! Қадірлі аналар!

Қадiрлi аналар мен арулар! Баршаңызды көктемнiң ең шуақты да шұғылалы мерекесi — Халықаралық әйелдер күнiмен шын жүректен құттықтаймын! Жер-дүниенiң жаңарып, қуаныш пен шаттық сыйлар бұл мереке жүрегiмiзге жылу сыйлап, жанымызды жадыратар — аналарымыз бен әдемi аруларымыз айрықша құрметке бөленетiн мереке.

Әйел қауымының бүгiнгi қазақстандық қоғамдағы алар айрықша орны бар. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қоғамның даму барысын өмiрде нәзiк, көңiлде биiк, ал, iсте мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкiн емес», деп орынды атап айтқан болатын. Әйелдер қауымы ел мен отбасының жауапкершiлiгiн бiрдей көтерiп, тәуелсiз елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық өсiп-өркендеуiне өздерiнiң өлшеусiз үлестерiн қосып келедi. Бiздiң қазiргi қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бiрлiгiн ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекет өмiрiне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесi. Сондықтан, бiздiң елiмiзде әйел адамның әлеуметтiк қорғалуына, олардың өмiр сүру деңгейiн арттыруға айрықша маңыз берiледi.

Мейiрiмдiлiк пен шапағаттың бейнесi ретiнде әйел отбасын күтедi, аялап, оны жылылық пен берекеге толтырады, балаларына тәлiм-тәрбие берiп, кәсiптiк және қоғамдық қызметте аянбайды, әлемге қуаныш, үйлесiмдiлiк пен тыныштық сыйлайды. Құрметтi әйелдер, осы мереке күнi өмiрдiң қиыншылығына мойымай, айналаңызға қуаныш сыйлай бiлетiндерiңiз, жақындарыңызға шынайы сезiмдерiңiздi жылдар бойы жоғалтпай алып жүргендерiңiз үшiн алғыс сөздерiмдi қабыл алыңыздар.

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ,
Көкшетау қаласының әкiмi.

Қымбатты әйелдер қауымы! 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнi мерекесiне ең iзгi және шын жүректi құттықтауымды қабыл алыңыздар! Осы шуақты күнде өздерiңiзге шынайы сүйiспеншiлiк бiлдiрiлiп жатуы тегiн емес. Бұл ыстық ықыласты ақыл-парасаттарыңыз бен небiр қиыншылықтарға төтеп берген төзiмдiлiктерiңiзге тәнтi болғандығымыз деп қабылдарсыздар. Жайма-шуақ мiнездерiңiз, жайдары болмыстарыңызбен Сiздер әлемдi жайнатып, айналаны мейiрiм шуағына бөлейсiздер.

Бүгiнгi күнi бiздiң әйелдер ең қиын және жауапты жұмыстарда өздерiнiң бар жақсы қасиеттерiн, адамдарға деген оң көзқарастарын көрсетуде, туған қаламыздың көркеюiне өз үлестерiн қосуда. Бiразыңыз саясат, экономика мен әлеуметтiк салада өз әлеуеттерiңiздi iске асырып келесiздер. Мұнымен қоса, Сiздер отбасының жылуын сақтап, ұлықты ұл мен қылықты қыз өсiрiп, отбасының берекесi мен елiмiздiң гүлденуi жолында оларды еңбекке баулумен қатар, жаңа жетiстiктерге жетелеп келесiздер.

Бүгiнгi мереке күнi әр шаңырақтағы аналар мен қыз-келiншектердi мерекемен құттықтай отырып, Сiздердiң әрқайсыларыңызға мықты денсаулық пен зор бақыт, табыстар тiлеймiз. Бiздiң өмiрiмiздiң көркi мен қуанышы, әр шаңырақтың бесiгiн тербетер аналық жүректерiңiзбен жасай берiңiздер!

Бауыржан ҒАЙСА,
қалалық мәслихаттың хатшысы.

Мақаланың шыққан күні: 08.03.2017
Қаралым саны: 480
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика